Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің барлық өңірінде күн райы құбылмалы болады.
"Қазгидромет" РМК таратқан мәліметке сүйенсек, республиканың барлық аумағында дерлік қар жауады, шығыста – қалың қар, ал оңтүстікте – жаңбыр мен қар, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады.
"Республиканың барлық аумағында бұрқасын, көктайғақ болады, батыста және оңтүстікте тұман түседі. Бірақ 7 қаңтарда жауын-шашын бірте-бірте тоқтап, алдымен батыста, кейін еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанды"."Қазгидромет" РМК
Болжам бойынша термометр бағаны:
- батыста, орталықта -20...-28°С-қа дейін;
- солтүстік-батыста, солтүстікте -25...-33°С-қа дейін;
- шығыста -5...-13°С-қа дейін;
- оңтүстікте - 0...-10°С-қа дейін төмендейді.
Дереккөз Zakon.kz. Фото: novosti-donbassa.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через