Көлік жыл басынан бері 14 пайызға қымбаттаған Елімізде автомобиль бағасы аспандап барады. Көлік құны жыл басынан бері 14 пайызға қымбаттаған. Әсіресе шетелден әкелінетін машиналардың бағасы өсті. Ал отандық зауыттарда шығарылған бюджеттік көліктің өзін алуға бірнеше ай бұрын тапсырыс беру керек. Оның өзінің бағасы сәт сайын құбылып тұр.
Мұны дилерлер сұраныстың артуымен түсіндіріп отыр. Ал тапшылық туындауына пандемия кезінде әлемдік автоөнеркәсіпте көлік құрастыру қарқынының бәсеңдеуі себеп болған.
Елордалық Алмас көлігін күтіп жүргендердің бірі. Ол осыдан үш ай бұрын автосалоннан бюджеттік көлікке тапсырыс берген. Әрі алғашқы 10 пайыз жарнасын да төлеген. Енді өз кезегі жетсе де, шетелден тасымалданатын көліктердің кешеуілдеуіне байланысты тағы алты ай күтуге мәжбүр. Тапсырыс беруші ай сайынғы пайыздық төлемнің өсіп бара жатқанына алаңдайды.
Алмас Қуанышұлы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны: - Басында алғашқы жарна төлеуге маңызды деген автосалон менеджерлері. Олардың айтқаны 10 пайыздан басталады. Жалпы бағасы алты миллион бес жүз мыңға жасадық, машинаны таптық. Енді қазір біз кезекте тұрғанбыз. Біздің алдымызда менеджерлер айтып жатыр. Көп адам тұр әлі.
Өңірде бұдан бөлек Қазақстанда құрастырылған көліктердің бағасы да шарықтаған. Осыдан үш ай бұрын 4,5 миллион теңгеге бағаланған бюджеттік көліктер қазір 7, 9 млн теңгеге бағалануда. Сарапшы мамандар бұл жағдайды автомобиль бөлшектерінің қымбаттауымен байланыстырады.
Автокөлік электроникасына қажетті микросхема жетпей, зауыттар өндірісті азайтқан. Қазір отандық автосалон иелері тапсырысты алдын ала қабылдағанымен, жеткізу уақытын кейінге шегеруде. Әрі көліктердің қымбаттауына бірінші кезекте сұраныс, екінші пандемия жағдайы қатты әсер еткен. Өйткені медициналық құрал -жабдық шығаруға бет бұрған.
Анар Макашова, Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының вице-президенті:
Еліміздегі көлік сауда-саттығында машиналардың жаңа моделі сұранысқа ие. Сондықтан көліктердің бағасы үш жылда 5 пайыздан 14 пайызға өсті. Бұл қалыпты көрсеткіш. Ал соңғы уақытта шетелден тасымалданып жатқан машиналар тіптен қымбаттауы мүмкін. Себебі, нарық талабы солай. Біз нарыққа сай қызмет етеміз. Оның үстіне қымбатшылыққа басты себеп, елдегі пандемия жағдайы.
Кезегін күтуден шаршаған халық күдікті жүйемен жұмыс істейтін ұйымдар мен машинаны көршілес елдерден әкеп, үстіне еселеп қосып сататын алыпсатарларға жүгіне бастады. Осының салдарынан клиенттер небір алаяқтарға ұрыну дерегі де жиілеп кеткен.
Әлібек Төлеуов, жәбірленуші:
Бүкіл жерде автосалондарды қарадық. Ол жерлерде үш ай, төрт ай күтесің деді. Сосын «Колесо», интернеттен көрдік. Осы NurAuto бір ай, 30, 45 күн деген соң, NurAuto-ға бардық. Біз барғанда адамдар нөмірге де тапсырып беріп жатты. Кәдімгідей. ХҚКО-қа бардық, онда адамы отырды. Сондайларды көргеннен кейін бәріміз ойладық, рас шығар деп. Қаншама адам жүрді сол жерде.54 миллион теңге салған кісілер жүрді. 12, 16 миллион, одан да көп салғандар бар.
Сарапшылар, одан бөлек инфляцияның әсері барын да алға тартады. Өйткені әлемде пандемия басталғалы бері көлік өндіретін зауыттар локдаунға байланысты ашылып, жабылып жатты. Сәйкесінше автомобильдер межелеген уақытта жеткізілмей қалған. Көлік нарығындағы жағдай келер жылы ғана тұрақталуы тиіс. Оның өзі электроника құралдарын шығаратын зауытың жұмысына байланысты. Алпауыт зауыттардың жұмысы жанданғанның өзінде, алдымен автомобильдерін тұтынушысы көптеген мемлекетке жөнелтеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через