Дәріханалар дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатса, қайда және қалай шағымдануға болады?
DariKZ қосымшасында Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмекке шекті рұқсат етілген баға белгіленген. Осы арқылы препараттың бағасын біліп қана қоймай, басқа дәріханалармен салыстыруға мүмкіндік бар. Егер дәріханадағы бағаның қымбаттағанын байқасаңыз, онда қосымшадағы батырманы баса отырып, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына мәлімет жіберу керек. Нәтижесінде орталық мамандары аталмыш дәріханаға тексеру жұмыстарын жүргізіп, Денсаулық сақтау министрлігі олардың жұмысын шектейді.
Сонымен қатар, қосымшадан дәрінің түпнұсқа немесе құрамы ұқсас екені туралы да ақпарат табуға болады. Препараттың аналогтары, нұсқаулығы және дәрігер рецептінсіз берілетін-берілмейтіні туралы ақпарат та қолжетімді.
Мобильді қосымшадан дәріні қалай табуға болады?
- сауда атауы бойынша;
- тіркеу куәлігі бойынша;
- халықаралық патенттелмеген атауы бойынша.
Мобильді қосымшаға Қазақстан аумағында тіркелген 7 мыңнан астам дәрі түрі енгізілген. DariKZ мобильді қосымшасын Play Market және App Store арқылы жүктеуге болады.
Мобильді қосымшадан Қазақстанда тіркелген препараттар туралы төмендегі ақпаратты білуге болады:
- дәрі-дәрмектің құны;
- дәрі рецептімен немесе рецептісіз берілетіні туралы;
- өндіруші ел;
- қолдану жөніндегі нұсқаулық;
- жанама әсерлері;
- сақтау мерзімі;
- тіркеу нөмірі;
- және басқа деректер.
Бүгінгі таңда әлемде сапа мәселесі бірінші орынға шыққан. Біздің ел де бұл талапқа қатаң мән беріле бастады. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі барлық дәріханадан еуростандартқа көшуді талап етіп жатыр. Бұл талап кәсіп иелеріне 2018 жылы айтылып, жаңа жылдың бірінші айынан күшіне енуге тиіс болған. Алайда уақыт жақындағанда кәсіпкерлер наразы болып отыр. Олардың айтуынша, еуростандарттың талабы көп. Сәйкесінше, шығыны да шаш етектен дейді.
Қазір елімізде көтерме бағамен дәрі келетін кәсіп екі үлкен дүкен бар. Біз оларға ілесе алмаймыз. Олардың бағасы да арзан. Инфлияция, геосаяси жағдай әсер етіп, кәсіпті жүргізу қиындап барады. Мысалы, былтыр Алматы облысында 100-ге тарта кішкентай дәріханалар жабылып қалды. Енді мына еуростандарттың сұрауы тіпті қиын. Камила Кобиридзе, Дәріханалар қауымдастығының төрағасы:
Еуростандарт бойынша дәріхана аумағы 30 шаршы метрден кем болмауға тиіс. Ал дәрілер екі түрлі мұздатқышта сақталуы керек. Әрі ем алатын жеке бөлме, мүгедектерге пандустар да болу талап етіледі. Дәріханашы ем іздеп келген адамға тек дәрігердің тағайындауымен дәрі сату қажет. Ал бізде соңғы уақытта ақшаға қызығып, сұрағанды бере берген дәріханашылар көбейген. Заңсыз сатылған препараттардың ішінде психотроптылары да бар. Айыппұл арқалағаны қаншама, деп жазды ktk.kz. «Бұл лицензиядан өтудің жаңа форматы, қорқудың қажеті жоқ» - дейді министрлік өкілі. Төрт жыл бұрын ескертілсе де, еліміздегі 10 мың дәріхананың 500-і ғана жаңа стандартқа өткен. Сондықтан министрлік уақытты тағы созу мәселесін қарастыруы да мүмкін.
2021 жылы 84 миллионнан аса айыппұл салынған. Оның ішінде дәрілік заттарды дұрыс сақтамау, дәріні рецепсіз сатқаны, фармацевт емес, басқа мамандар жұмыс істегені, нашақорға дәрілік затты рецепсіз сатқаны, жұмысын дұрыс атқармай жатқаны бойынша. Ләззат Қашқымбаева, Медицина-фармацевтика қызметін бақылау комитеті басшысының орынбасары.
Фото: ru.sputnik.kz, profile.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через