Елімізде дәрілік өсімдіктер жойылып барады

Елімізде дәрілік өсімдіктер жойылып барады

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда өңірлерінде қатерлі ісікке шипа болар емдік шөп көп. Өкінішке қарай, кей түрлері ғылыми түрде зерттелмеген.

Дертке дауа болар биологиялық белсенді қоспа әзірлеп жүрген отандасымыз, фармацефт-ғалым Арғынбек Қабылқақ емдік өсімдіктер қорын көбейту керектігін айтады. Ол емдік шөптерді іздеп, 3 жылда еліміздің барлық аймағын аралап шығыпты.

Қазақ жері шипалы өсімдікке бай. Бірақ оны, жергілікті тұрғындар ретсіз қазып алып, табыс табу үшін сыртқа тасымалдап жатыр.

Соның кесірінен елімізде дәрілік өсімдіктердің қоры азайған. Сондықтан дертке дауа өсімдіктерді қолдан егіп, көбейту керек.

Сұңғыланың өзі Қытайда үш түрі бар болса, Қазақстанда 7 түрге жуығы бар. Адамның денесіндегі күйік, үсік ауруларын мәселен, тыртықсыз, ешқандай күшсіз жазып шығуға болатындай өсімдіктер бар тыртық қалдырмайтын. Соларды осы Қазақстанда өсірсем қалай болады деген ойым бар.  Арғынбек Қабылқақ, фармацевт-ғалым.  

Далалық жерлерде 6 мыңнан аса өсімдік түрі өседі. Олардың 726 түрі тек Қазақстанда ғана кездеседі. Зымзия, қасқыр жем, жабайы сұңғыла, итсигек сияқты шипалы шөптердің емдік қасиеті толық зерттелмеген. Мәселен, Қызылорда өңірінде кездесетін қызыл мияның өзінен жүз түрлі дәрі алуға болады екен.

Қазақстанда 6 мыңнан аса өсімдік болса, соның 726 индемикалық өсімдіктер. Индемикалық өсімдік дегеніміз тек біздің Қазақстанда кездесетін түрлері. Сол 726 өсімдікті басынан аяғына дейін зерттеп шығу, одан өнім алу, сыртқа экспортқа шығару - өте үлкен жұмыс. Қалданай Қаржауқызы, ҚАЗҰМУ инженерлік пәндер кафедрасының меңгерушісі.

Ғалым жабайы табиғатта өсетін шипалы шөптерді қолдан өсіру шалғайдағы жұмыссыз азаматтарға табыс көзі болатынын айтады. Әрі бұл еліміздің фармацевтикалық индустриясын дамутуға жақсы мүмкіндік.

Дереккөз www.24.kz. Фото: vsegda-pomnim.comkartinkin.net