фото: pixabay.com
Қазақстанда қолданылатын шамамен 2000-дай дәрі-дәрмектің бағасы жазда өсуі мүмкін. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
ҚР Денсаулықсақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұйрық әлі күшіне енбеген, тоқтатылды, себебі бағаның өсуі халықтың наразылығын тудыруы мүмкін.
"Осы уақытқа дейін Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан барлық дәрі-дәрмектің бағасына тиісті сараптама жүргізіп, олардың жоғарғы шекті бағасын реттеп отырды. Емханалар мен бизнес тарапынан бағаны шектемеу мәселесі туралы бірнеше рет (мәселе) көтеріліп, монополияға қарсы агенттіктің шешімімен екі-үш кезеңде барлығына жаппай бағаны реттеу тәртібінен ДСМ кетуі керек деген мәселе көтерілген. Былтыр алғаш рет 303 препаратқа немесе 4 және одан да жоғары сауда атауы бар дәрі-дәрмекке баға жіберілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша орташа баға 14-15 пайызға өстьі. Сондықтан биыл 1728 препаратқа бағаны босату тәртібі енгізілген. Алайда біз бұл жұмысты тиісті сараптау жүргізгеннен кейін бастамау туралы шештік. Бұл жұмысты кезең-кезеңмен жіберу мәселесін екінші жартыжылдықтан көреміз деген жоспар бар", - деді Ақмарал Әлназарова.
Егер жоба мақұлданса, алдағы уақытта парацетамолдың құны 2,5 есе, йод – 2,1 есе, цефазолин – екі есе, ампициллин – 32,5%, бисакодил – 2,3 есе артуы мүмкін.
«1728 атау. Барлық топтар: антигистаминдер, антибиотиктер, жөтелге қарсы. Халық арасында ең жиі сатып алынатын және сұранысқа ие препараттар осы 1728 дәрі-дәрмек тобына кіреді. Сондықтан қазір қоғамда дүрбелең тудырмау үшін бүгін бұл бұйрық тоқтатылды. Бұл жұмысты кезең-кезеңмен жіберу мәселесін екінші жартыжылдықтан көреміз деген жоспар бар», - деді Ақмарал Әлназарова.
Министрдің айтуынша, қазір бұл бағытта зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через