Елімізде балалар арасында тіс ауруы асқынып тұр. Бұл туралы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті жоғары медицина мектебінің клиникалық мамандықтар кафедрасының профессоры Клара Шалабаева айтты.
Клара Шалабаеваның айтуынша, балаларда тіс аурулары жиі кездеседі.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының критерийлері бойынша біздің республикада әртүрлі жас топтарындағы балаларда кариестің таралуы орташа есеппен 70-85 пайызды құрайды, ал қарқындылығы жағынан біздің балаларда кариестің декомпенсацияланған түрі жиі кездеседі», - деді Клара Шалабаева.
Маман тіс ауруының түрлі себебі бар екенін айтты. Оның бірі тәтті тағамдарды көп тұтынудан болса, бала ағзасына кальций жетіспеушілігінен де тіс құрттайды.
«Тіс ауруларының алғашқы профилактикасы бағдарламасының жоқтығы, мектеп жасындағы балаларға жоспарлы түрде ауыз қуысын сауықтыру, жалпы білім беретін мектептердегі стационарлық стоматологиялық кабинеттердің жабылуы сияқты маңызды әлеуметтік факторлар тіс саулығының нашарлауына әкеліп соқтырды», - дейді Клара Шалабаева.
Сонымен қатар ол республикадағы стоматологиялық мекемелердің 80%-дан астамының жеке меншікке өтуі стоматологиялық көмекті балалар мен жасөспірімдерге қолжетімсіз еткенін тілге тиек етті.
«Стоматологиялық қызметтердің (пломбалардың) жоғары бағасы материалдық жағдайы төмен, ауылды жерлерде тұратын көпбалалы отбасы балаларының ауыз қуысын жақсарту мүмкіндігінен айырды. Ал тіс ауруын азайтпай, дені сау бала өсіру мүмкін емес», - деді спикер
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через