Биыл қазақ өнерінің жарық жұлдызы Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, аты аңызға айналған Асанәлі Әшімұлы 85 жасқа толады.
Осыған орай алғаш рет театр және кино өнері майталмандарына арналған «Асанәлі» сыйлығы табысталмақ. Үміткерлерді арнайы құрылған сарапшылар тобы ұсынып, үздіктерін анықтайды. Олардың қатарында театртанушылар, кино сыншылары мен белгілі режиссерлер бар. Марапат бес аталым бойынша ең үздік кино мен театр актері, ең үздік кино мен театр режиссері, сондай-ақ «Театр және кино өнеріне қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша тапсырылады, деп жазды 24kz. Сыйлықты табыстау рәсімі 27 мамыр күні өтеді.
Еркін Жуасбек, М. Әуезов атындағы драма театрының директоры:
- Дәл қазір алғаш рет ұйымдастырылып жатқан сыйлықта ешқандай жас шектеуі жоқ. Қазір ғана тапсырма алып шықтық. Барлық театрлардың осы соңғы жылдардағы үздік жұмыстарын экранға шыққан туындылардың ең үздік жұмыстарын ұсынатын боламыз. Сол жерде үлкен талқылау болады да соның ішінен бес жүлденің иегері анықталады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через