Еліміз сапалы авиациялық отынға тәуелді ме?

Еліміз сапалы авиациялық  отынға тәуелді ме?

Елімізде  көкейкесті мәселе – әуеотынның құны. Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында әуеотынның бағасы Лондондағы, Дубайдағы, Гонконг пен Мәскеудегі бағадан анағұрлым жоғары. Оған қазақ авиациясының ресейлік отынға тәуелділігі мен жанармайды жеткізіп беруші аралық делдал­дардың шамадан тыс көптігі түрткі болған. Соның кесірінен Ресейден келетін әуекеросин Қазақстанға жеткенде 20-30%-ға қымбаттап кетеді. Қазір Қазақстан авиациялық әкімшілігі де, әуекомпаниялар да жанармайды арзандату бағытында жұмыс істеп жатыр. Дегенмен Лит­ва, Латвия және Польша мемле­кет­терінің мысалдарына қарасақ,
олар осы нарықтағы ресейлік ­дел­дал­дардан құтылу үшін ба­­қандай бес жылын сарп еткен. Яғни, ішкі на­рықты әуекеросин­мен өзіміз қам­тамасыз ету үшін біз­ге де біршама уақыт керек бо­ла­тыны сөзсіз.

Ал ұшқыштардың жалақысына келетін болсақ, ол жолаушы биле­тінің құнымен тікелей байланысты, яғни бағасының ішіне енеді. Сон­дықтан әуе кемесі экипажының жа­лақысы өскен сайын жолаушы­лар билетінің құны да арта беретінін ұмытпаған жөн.

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақ­станға әуе кемелерін басқару үшін сырттан шақырылған шетелдік ұшқыштар мен командирлер жа­лақысы жергілікті мамандарға қа­рағанда 2-3 есе көп. Олар халық­ара­лық бағыттағы әуе кемелерін бас­қарады. Өйткені қазақстандық ұшқыштарға берілген лицензия шет мемлекеттерде мойындалмайды. Бүгінде республикадағы әуекомпа­нияларда 2 669 ұшқыш болса, соның 193-і шетелдіктер.

Мәселен, қазақстандық ұш­қыш­тардың айлық жалақысы 6-8 мың доллар аралығында болса, ша­қыртылған шетелдіктердің жа­лақысы 7-15 мың доллардың ай­нала­сында. Одан төмен жалақы­ға шет­ел­діктер келіспейді. Әл­бетте, шет­елге, оның ішінде Еуро­паға ұш­ып жүрген қазақстандық ұшқыштар да бар, бірақ олар лицензияларын Ұлыбританиядан алып келген ма­мандар. Олардың жалақысы шет­елдік мамандармен бірдей.

Әлбетте, біздің мемлекет отан­дық әуеиндустрияны өз маманда­рымызбен толықтай қамтамасыз етуге мүдделі. Ол үшін ұшқыштарды шетелдерге оқытуға жіберудің де, сырттан тәжірибелі нұсқаушыларды шақыртудың да маңызы үлкен. Қазір қазақстандық мамандар шет­елдерде біліктілігін жетілдіріп жа­тыр. Атап айтқанда, Air Astana ком­паниясының ұшқыштары – Финляндияда, ал диспетчерлері Швециядан оқиды. Мағлұмат үшін айта кетсек, ірі коммерциялық әуе кемесін басқару үшін 6-10 жыл бойы үдемелі бағдарлама бойынша оқу қажет.