фото: https://sputnik.kz
Елена Рыбакина әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына өтті.
Екінші айналымдағы кездесуде Уимблдон-2022 чемпионы "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін чемпионы, әлемнің тоғызыншы ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусаны 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.
Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан әйелдер турнирінің жүлде қоры – 2 527 250 доллар. Оның қазіргі чемпионы – маусым басында спорттан кеткен австралиялық Эшли Барти.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через