WhatsApp

Электронды темекі импотенцияға әкеледі

Электронды  темекі  импотенцияға әкеледі

Электронды  темекі  импотенцияға әкеледі

Электронды темекіні  шегетіндер  эректильді  дисфункцияға  екі  есе  көбірек шалдығады. 14  мыңға  жуық  жасөспірімге  бақылау  жүргізген АҚШ ғалымдары осындай ойға келді.

Нью-Йорк қаласындағы Медицина мектебінің ғалымдары 20 жасқа дейінгі 14 мыңға жуық жасөспірім мен жас жігіттерді бақылауға алып, арнайы зерттеу жүргізген екен. Зерттеу нәтижесінде, электронды темекі шегетіндердің шекпейтіндерге қарағанда эректильді дисфункцияға шалдығуы 2,4 есе көп екені байқалған.

Зерттеушілердің айтуынша, электронды темекінің құрамында никотин көп болады. Ал бұл қан айналымын нашарлатып, әсіресе, жыныс мүшесіне қан келуін қиындатады. Одан бөлек, электронды темекінің құрамындағы никотиннен басқа зиянды заттар ағзадағы тестостеронның айналымына да кедергі келтіретін көрінеді. Эректильді дисфункция содан пайда болады.

 

Мәтіндегі ақпарат туралы