фото: pixabay.com
Қарағандының бұрынғы әкімі Шаймерден Оразалиновтың ұлы 78 жастағы анасын ұрғаны белгілі болды. Бұзақы жігіт 2 айға қамауға алынды.
Ер адам кейуананың мұрнын және бірнеше қабырғасын сындырған.
78 жастағы әйелдің жағдайын көрген көршілері жедел жәрдем шақырған.
Ал дәрігерлер өз кезегінде ұрып-соғу фактісі жөнінде полицияға хабарлады. Әжей ұлын тұтқындайды деп қорқып, екі күн бойы дәрігер шақырмай үйінде жатқан.
Дегенмен, құқық қорғау органдары бұзақыны қамауға алды.
«Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты 10 ақпанда күдіктіні екі ай қамауда ұстау санкция берді», — деп хабарлады Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі.
Шаймерден Оразалинов 1987 жылдан 1997 жылға дейін қала әкімі лауазымын атқарған.
Қарағанды қалалық атқару комитетінің төрағасы, екінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, ІІІ шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды.
Қарағанды қаласының құрметті азаматы.
Шаймерден Әбілмәжінұлы 2019 жылдың 30 сәуірінде 77 жасында өмірден өткен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через