Джинсы шалбар денсаулыққа зиян

Джинсы шалбар денсаулыққа зиян

Джинсы шалбары — бүгінгі таңда әлемде сұранысқа ие болып отырған киімнің бірі. Әрине, бұл шалбарды жас та, кәрі де киеді. Әсіресе, қыздар дүкендерге барса, алдымен осы джинсы шалбарын сатып алады.

Джинсы — тар әрі қатты матадан тігілетін киім. Сондықтан оның болашақ ана — қыздарға зияны анағұрлым көп. Қыз балалар балиғат жасына жеткен сәттен бастап организмде буындар өсіп, құрсақ көтеруге даярлық жүреді. Ал тар шалбар бұл үрдіске кері әсерін тигізеді. Сондықтан болар, қазір ана мен бала өлімі жиілеп кетті. Аман қалған күннің өзінде де дені сау ұрпақтың өсіп жетілуіне кім кепіл?!

Ер кісілерге де бұл киімнің зияны жоқ емес. Егер тар джинсы шалбар кисе, белден төмен орналасқан тамырлар қысылып, дене мүшелерінің қалыпты жұмыс жасауына өз зиянын тигізеді. Бұл өз кезегінде түрлі ауруларға әкеп соқтырады. Мәселен, тар шалбар суық тартатын қасиетке ие. Ал суықтау — кез келген аурудың бастамасы. Екіншіден, тар шалбарды кигеннен кейін ол терімен тығыз байланыста болады. Теріні қажайды әрі кірлесе, тері қабынып дерматит ауруына шалдықтырады. Үшіншіден, матасы қатты, тар шалбар қан айналымын тежейді. Сондықтан тізерлеп немесе аяғыңызды қысатындай етіп отырсаңыз, қан айналымы тоқтап қалуы мүмкін. Сондай-ақ қыздардың көңіліне аса жақпайтын артық салмақ жинау да осы тар шалбардың әсерінен болады. Шалбар ішті толықтай жаппағандықтан өкпеге суық барып, ағза қорғану мақсатында белге май жинайды. Міне, жастардың семіздікке ұшырауының бірден-бір себебі — осы.

Медициналық тұрғыдан зияны көп қазіргі заманның «ең сәнді киімін» киюге біздің дінімізде де рұқсат берілмеген. Бұл туралы Пайғамбарымыз: «Әйелдің киімін киген еркекке, еркектің киімін киген әйелге лағнет болсын!» — деген. Немесе: «Еркекке ұқсауға тырысқан әйел, әйелге ұқсауға тырысқан еркек бізден емес!» — деген.

Қазіргі кезде әлемде үздік «бренд» болып тұрған джинсы шалбардың біз білмейтін басқа да зияны көп. Сондықтан қыздарға қаншалықты сәнді болғанымен, матасы жұмсақ, денені қыспайтын киім киюді ұсынамын. Ең бастысы, денсаулығымызға зиян келтіретін киім үлгілерін пайдаланбағанымыз жөн. Сіз бұған не дейсіз, оқырман?