Қазақстанда диплом мен аттестат QR-код арқылы цифрлық форматта беріледі
Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингілеу цифрлы форматқа көшіріледі. Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі. Әр оқушының цифрлық профилі енгізіледі. Онда оқушының балабақшадан бастап мектеп немесе колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы қалыптастырылады», - деді А.Аймағамбетов.
Осы орайда министр ең қажет деген қызметтер толығымен eGov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қамтылатынын айтты.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: syrboyi.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через