Спорт

Бөлісу

Димаш Головкиннің арнайы шақыртуымен АҚШ-қа барып, Қазақстан әнұранын орындайды

  Димаш Головкиннің арнайы шақыртуымен АҚШ-қа барып, Қазақстан әнұранын орындайды

Димаш Құдайберген Лас-Вегаста GGG - Canelo 3 жекпе-жек алдында Қазақстанның әнұранын орындайды. Головкин-Канело жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

«Еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG - Canelo 3 жекпе-жек алдында, Димаш Құдайберген Мемлекеттік әнұранымызды орындап батырымызға қолдау көрсетуі жоспарлануда», - деп жазылған dimash.news сайтының желідегі парақшасында. 

18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді. 

Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05:00-де басталады.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через