фото: pixabay.com
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша 2023 жылы әлемде «қант диабеті» диагнозы 422 млн адамға қойылған. Біздің елде бұл сырқатпен қанша адам ауырады?
Халықаралық қант диабеті федерациясының есептеуіне сәйкес, Қазақстанда 735 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады және 2 типті қант диабетімен ауыратындардың жартысына жуығы өз ауруы туралы ештеңе білмейді, бұл ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Көбінесе аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін диагноз қойылғанға дейін бірнеше жыл өтуі мүмкін.
Организмде патология бірден пайда болмайды, диабет алды деген түсінік бар. Бұл термин қандағы қанттың жоғары деңгейін сипаттау үшін қолданылады. Бұл проблеманы анықтай отырып, шаралар қабылдап, оның дамуын тоқтату қажет.
Диабет алды қалай пайда болатынын және қандай симптомдарға ерекше назар аудару керектігін түсіндіреміз.
Диабет алды дегеніміз не?
Бұл - қан глюкозасының көрсеткіштері нормадан асып кеткен, бірақ «диабет» диагнозын қоятын мәндерге әлі жетпеген 2 типті қант диабетінің алдындағы жағдай. Көбінесе ол кездейсоқ, басқа ауруды жоспарлы тексеру кезінде анықталады. Диабет алды балалар мен ересектерде, әйелдер мен ерлерде бірдей жиі кездеседі.
Преддиабетті гликогемоглобинге қан талдауының дерегі бойынша, ащ қарындағы қант деңгейі және көмірсутек жүктемесінен кейін анықтауға болады.
Фото pixabay.com/
Диабет алды пайда болу себептері
Бүгінде диабет алды дамуының айқын себебі жоқ. Тек оның дамуын көрсетуі мүмкін бірқатар белгі бар:
- Артық салмақ. Май тіні жасушалардың инсулинге сезімталдығын төмендетеді, осыған байланысты қанттың сіңуі баяулайды. Дене салмағы индексі (ДСИ) 25-тен жоғары адамдарда преддиабеттің даму қаупі жоғары. Дене салмағының индексі мына формула бойынша есептеледі: салмағы кг/( бойы метр х бойы метр). Мысалы, бойы 1,7 м, салмағы 80 кг болатын әйелді алайық. Бұл жағдайда 80/( 1,7 х 1,7) = 27,6. Бұл әйелдің салмағы артық екенін, бірақ әлі семіздік еместігін көрсетеді.
- Белдің көлемі. Әдетте, бұл критерий алдыңғысымен өзара байланысты. Егер әйелдерде бел орамы 84 см-ден, ал ерлерде 92 см-ден артық болса, онда қан анализін тапсырып, глюкоза деңгейінің өзгергенін білу керек. Содан кейін дәрігермен кеңесу қажет. Айта кетейік, балаларда бел шеңберінің көрсеткішін жасына қарай қарастыру керек.
- Тамақтану ерекшеліктері. Диабет алды дамуына дұрыс тамақтанбау да себеп болады. Әсіресе, ақ ұннан жасалған нан, картоп, қант, тәтті газдалған сусындар, чипсы және басқа да фастфуд сияқты өнімдер қауіпті.
- Қимыл-қозғалыстың аздығы. Дене жүктемесінің болмауы дене салмағының ұлғаюына және соның салдарынан майлы тіннің артуына ұрындырады. Бұл өз кезегінде инсулинге сезімталдық факторын төмендетеді (ол инсулиннің 1 ЕА енгізу кезінде қан глюкозасының қанша ммоль/л төмендейтінін көрсетеді).
- Темекі шегу. Зерттеулер көрсеткендей, темекі шегу диабет алдындағы даму қаупін арттырады. Бұл электрондық сигареттерге, әсіресе олардағы сұйықтықтарға да қатысты. Оны қыздыру кезінде организмде инсулинге қарсы иммунитет тудыратын аэрозоль пайда болады, соның салдарынан қандағы қант деңгейі күрт артады.
- Ұйқының қанбауы. Адамның ұйқы қанбаса белок, май және көмірсу алмасуын реттейтін стресс гормоны кортизолды шығарады. Оның жасалуы қандағы глюкоза деңгейінің көтерілуіне соқтырады.
Негізгі белгілері
Диабет алды белгілерін ерте кезеңде білуге болмайды. Көбінесе адамдар оны байқамайды. Айтпақшы, бұл патологияның басты қаупі неде? Егер адам алдын ала диабеттің мынадай белгілерін байқаса, дәрігерге жүгіну керек:
үнемі аштық сезімі - оны көп мөлшерде инсулин қоздырады;
жоғары қан қысымы;
шөлдеу: әдетте, көбі бұл симптомға назар аудармайды, мысалы, ыстық жаз немесе шамадан тыс тұздалған тамақ шқлдетеді деп ойлайды;
үнемі шаршау, әлсіздік және ұйқышылдық;
аяқ-қолдың ұюы, саусақтардың шаншуы;
жүректің аяқ астынан айнуы және құсу;
терідегі жараның ұзақ жазылмай жүріп алуы;
көру қабілетінің нашарлауы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через