Афиша

Бөлісу

Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм кинотеатрда көрсетіле бастады

  Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм кинотеатрда көрсетіле бастады

Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм кинотеатрда көрсетіле бастады

 Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген "Соқыр махаббат" фильмі кинотеатрда көрсетіле бастады, деп хабарлады Almaty.tv.

Қайғылы оқиғадан бір ай бұрын, 2018 жылдың маусымында Денис Тен фильм сценарийін Screenlife Contest байқауына жолдаған және финалға өткен.

Фильм түсірілімі спортшының қазасынан кейін 2019 жылы басталған. Оған Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че режиссерлік етсе, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов пен Денистің анасы Оксана Тен бас продюсер болды.

Фильмнің жалпы ұзақтығы – 33 минут, түсірілім тобы Денистің бастапқы сценарийін барынша өзгертпеуге тырысқан.

Бұл туындының қалай түсірілгені туралы Қанат Бейсекеевтің "Фильм туралы фильмі" қоса көрсетіледі. Деректі фильмде Денистің ағылшын тілінде жазған өлең шумақтары, әндері кинокартинада көрсетілетіні айтылған.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через