«Дені сау ұлт». Ұлттық жобадан не күтеміз?

«Дені сау ұлт». Ұлттық жобадан не күтеміз?

        Елімізде Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы қабылданғаны белгілі. 

       Алдағы 4 жыл ішінде - 2025 жылға дейін әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етуді көздеп отырған ұлттық жобадан не күтеміз? 

4 басым бағыт

1-бағыт – қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету 

2-бағыт – Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру

3-бағыт – отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдар

4-бағыт – салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.

Ұлттық жоба мыналарды көздейді: 

• Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету
• Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту
• Кадрлық әлеуетті нығайту

• Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілікке негізделген. 

• Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті өсіру мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту 

• Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік пен профилактикалық медицина аурулардың алдын алудың негізгі құралына айналдыру

• Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы.

Күтілетін әлеуметтік әсер: 

• Азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту
• Халықтың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3%-дан 2025 жылы 80%-ға дейін арттыру.
  2025 жылы 1000 тірі туғанға шаққанда 7,2-ге дейінгі нәресте өлімі
  2025 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлімі 10,0-ға дейін 
  2025 жылы денсаулық сақтаудағы негізгі капиталға инвестициялар 2019 жылғы деңгейге қарағанда нақты өсімнің 372,2 %-ына дейін жеткізу

 

Қанша қаржы жұмсалады? 

Жобаны іске асыруға 3,6 трлн теңге бөлінеді деп жоспарланған.

 Денсаулық сақтау саласындағы жалпы шығыстардың ЖІӨ-ден үлесі 5%-ға дейін артады.

Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі.

Университеттік ауруханалар салынады

Ведомство ұлттық жобаның шеңберінде елдегі 5 медициналық ЖОО-ның жанынан университеттік ауруханалардың құрылысын салуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе мен Нұр-Сұлтанда бой көтереді деп күтілуде. 

Сонымен қатар Түркістан, Петропавл мен Көкшетау қалаларында 3 көпсалалы аурухана салынады. Оның құрылысы жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде, демек, 2025 жылға дейін жоспарланған. 

Ақпарат дереккөзі