ДДҰ ревакцинацияға мораторий ұсынуда
ДДҰ коронавирусқа қарсы ревакцинацияға мораторий енгізуге шақырды. Мораторийді енгізу кедей елдерде кем дегенде бір дозаны алған адамдардың саны аз болуымен байланысты. Қыркүйек айының соңына дейін қайта вакцинациялауға уақытша мораторий енгізу қажет, - деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс.
"Біз ықпалы бар кез-келген адамды, олимпиадалық спортшыларды, инвесторларды, бизнес көшбасшыларын, діни жетекшілерді және оның отбасы мен қоғамдастықтағы әрбір адамды кем дегенде қыркүйек айының соңына дейін вакциналардың қосымша дозаларына мораторий жариялауға шақырамыз", — деп келтіреді.
Ревакциния әрбір жарты жыл сайын жүргізіледі. ДДҰ сарапшылары бүкіл әлемде жыл соңына дейін жеткілікті мөлшерде вакцинациялау үшін оны ұзарту керек деп санайды.
Ұйымның бағалауы бойынша, әлемде COVID-19 вакциналарына қол жетімділіктің жаһандық теңсіздігі пайда болды. Кедей елдерде вакциналар шығарылатын байларға қарағанда әлдеқайда аз адамдар егілді немесе кем дегенде бір дозаны алды және үкіметтер ревакцинация туралы айта бастады. Бұған дейін ДДСҰ-ның Бас директоры әр елдегі халықтың кем дегенде он пайызын қыркүйекке дейін вакцинациялауға шақырған болатын.
Бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ревакцинация қажет емес деп мәлімдеген болатын. Өйткені екпеден кейін ауырғандардың пайызы мардымсыз.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігіне коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация жүргізуге қатысты ресми ұсынымдар келіп түспегенін айтты, өйткені вакцинаның аралығына, түріне, жиілігіне қатысты нақты позициялар жоқ,-дейді ол.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через