Дәрігерлер қан қысымын бірден төмендететін сусынды атады

Дәрігерлер қан қысымын бірден төмендететін сусынды атады

       Батыс Аустралия университетінің ғалымдары кәдімгі қара шай қан қысымын төмендететін ең тиімді сусындардың бірі деген қорытындыға келді. Бұл туралы The American Journal of Clinical Nutrition басылымында жарияланған зерттеуде айтылған.

       Зерттеуге қатысу үшін систолалық қан қысымы жоғары ерлер мен әйелдер таңдалды. Респонденттерге күнделікті үш кесе қара шай немесе соған сәйкес кофеин мөлшері бар флавоноидтары жоқ сусын берілді.

       Қан қысымының көрсеткіштерінің өзгеруі бірінші күні қабылдау кезінде, сондай-ақ үш және алты айда тексеріліп отырды.

       Барлық уақыт аралықтарында шай басқа сусынмен салыстырғанда жоғары және төменгі қан қысымын қалпына келтірген. Түнде өзгеріс 10 пайызды құрады.

       Бірінші күннен бастап байқалған және алты ай бойы тұрақты түрде сақталған бұл нәтиже бастапқы қан қысымына немесе жүрек соғу жиілігіне байланысты емес.

       "Күндізгі уақытта қан қысымының өзгеруі айтарлықтай болған жоқ. Бұл тұжырымдар түнде қан қысымына кофеин емес, қара шайдың құрамдас бөлігі әсер ететінін көрсетеді", - деп атап өтті ғалымдар.

       "Қара шайды үнемі тұтыну қан қысымын төмендетеді, дегенмен бұл сусынның оған әсері әлі зерттелмеген", - деп қорытындылады зерттеу авторлары.

       Айта кетейік, медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог, гастроэнтеролог Маргарита Арзуманян ісіктің дамуына әкелуі мүмкін, өңеш пен көмей зақымдалуы мүмкін деген зерттеулер бар. Сондықтан қайнаған шайды сәл салқындатып ішкен дұрыс. Ең дұрысы шайды дене температурасымен бірдей да тым ыстық шай денсаулыққа зиянды екенін айтқан болатын.

       Дәрігердің айтуынша, далада күн суық кезде ыстық шай ішсек жылынатындай боламыз. Бірақ, бұл – иллюзия. Егер сусынның температурасы тым жоғары болса, адам денсаулығына қауіп төндіреді.

       "Ыстық сусын қатерлі немесе сәл ыстық –  40 градустан асырмай ішкен жөн", - деп ескертті Маргарита Арзуманян.

       Оның айтуынша, шай қайнатқаннан кейін шамамен бес минут күту керек, содан кейін ғана ішуге болады.

       Шайдың жылыну әсеріне келетін болсақ, бұл физикалық емес, психологиялық, деп санайды дәрігер.

       "Шай ішкенде: ауыз температураны сезеді, бізге жылынғандай болып көрінеді, біз асқазандағы температураны сезбейміз. Бұл психологиялық әсер", - деді гастроэнтеролог.

       Шайды пайдалы ету үшін дәрігер оған кептірілген жемістер, дәмдеуіштер мен шөптерді қосуға кеңес берді. Мысалы, тимьян, орегано, кептірілген алма, апельсин қабығы немесе даршын.

       Ақпарат дереккөзі