Дәрігер тұзға "тәуелділіктен" біршама арылу жолын атады

Дәрігер тұзға "тәуелділіктен" біршама арылу жолын атады
фото: https://sputnik.kz

Дәрігер тұзға "тәуелділіктен" біршама арылу жолын атады

Тұзға "тәуелділік" кезінде гипертонияның даму қаупі пайда болуы мүмкін, дейді медицина ғылымдарының докторы, диетолог Марият Мухина.

Натрий хлоридін, яғни ас тұзын "дәмдік стимулятор" ретінде қабылдайтын адамдар бар. Олар тағамдағы тұз мөлшерін үнемі арттыруға тырысады.

"Кейбір адамдар дәмді стимулятор ретінде тұзға үйренеді. Оларда тұзға деген тәуелділік пайда болады. Тілдегі дәмдік бүршіктерін тітіркендіріп, оның дозасын үнемі арттыру керек. Олар әлі тамақтың дәмін татпаса да, оған тұз қоса бастайды", – деп түсіндірді Марият Мухина.

Зерттеу көрсеткендей, бұл мінез-құлық гипертониямен ауыратын адамдарға тән, деп жалғастырды диетолог.

Натрий хлоридін шамадан тыс тұтыну бұл аурудың дамуына әкеп соғады. Сондықтан гипертония қаупінен сақтану үшін тұз мөлшерін азайту керек, деп ескертті ол.


Мәтіндегі ақпарат туралы