Қазақстанда бір жылда фармацевтикалық өнімдер бағасы 13,3 пайызға өсті.
Дәрі-дәрмектер Алматы (17,5 пайызға), Маңғыстау (17,1 пайызға), Ақтөбе (16,7 пайызға), Жетісу (16,2 пайызға) және Жамбыл (14,4 пайызға) облыстарында едәуір қымбаттаған, ең аз өсім - Қызылорда облысында (8,9 пайызға).
Биыл қаңтар-қазанда еліміздегі дәрі-дәрмек өндірісі құндық мәнде 112 миллиард теңге болған, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,2 пайызға аз.
Өңірлік тұрғыда ең көп шығарылым көлемі Шымкентке тиесілі: 46 миллиард теңге, плюс бір жыл ішінде 10,3 пайыз. Сондай-ақ, үздік үштікке Алматы облысы (31,1 миллиард теңге, плюс 23,4 пайыз) және Алматы (16,2 миллиард теңге, плюс 7,7 пайыз) кірді.
2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанға миллиард долларға дәрі-дәрмек импортталды. Физикалық мәнде импорт 17,3 пайызға, ақшалай түрде 25,8 пайызға өсті.
ТМД елдерінен 101,3 миллион долларға 6200 тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Негізгі көлем Ресейге (4600 тонна, жыл ішінде минус 16,6 пайыз), одан кейін Беларусь пен Украинаға түсті.
ТМД елдерінен 900 миллион долларға 12500 тонна дәрі әкелінді. Бұл жеткізушілер ішінде Қытай көш бастап тұр (2600 тонна, жылдық өсім 2,1 есе), одан кейін Германия мен Үндістан.
Дереккөз Tengrinews.kz. Фото: trbzdrav.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через