COVID-19 салдары: балалардың ағзасын неліктен шыңдау керек

COVID-19 салдары: балалардың ағзасын неліктен шыңдау керек

Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазіргі кезде баланың азғасын шыңтау неліктен маңызды екенін түсіндірді.

2020-2021 жылдары карантиннің өршіп тұрған уақытында жазғы сауықтыру лагерлерінде көптеген балаларды қабылдау мүмкіндігі болмады. ЮНИСЕФ пен Гэллап институты 21 елдегі балалар мен ересектерге жүргізген халықаралық сауалнаманың алдын-ала тұжырымдарына сәйкес, орта есеппен 15-24 жас аралығындағы сауалнамаға қатысқан жастардың бестен бір бөлігі көбіне өзін әлсіз сезініп, ешнәрсеге құлшынысы болмайтынын мойындады.

Пандемияның салдары балалар мен жастардың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатына айтарлықтай әсер еткен. ЮНИСЕФ-тің соңғы мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде кем дегенде әрбір жетінші бала карантиннен тікелей зардап шекті, ал 1,6 миллиардтан астам бала білім алу мүмкіндігінен айырылды. Күнделікті күн тәртібінің бұзылуы, білім алу мүмкіндігінің шектелуі, демалысқа бару, сондай-ақ отбасының табысы мен денсаулығына қатысты алаңдаушылық көптеген жастарды өздерінің болашағы үшін қорқыныш, ашу және алаңдаушылық тудырады. Мысалы, 2020 жылдың басында Қытайда жүргізілген онлайн-сауалнамаға сәйкес және «Әлемдегі балалардың жағдайы, 2021 жыл» баяндамасында келтірілгендей, респонденттердің үштен бірі қорқыныш пен мазасыздықты сезінетіні туралы хабарлады.

Балалардың және жасөспірімдердің ағзасын шыңдау иммун жүйесін және стресске төзімділігін күшейтеді. Сондықтан баланың шыңдауына ерекше назар аудару қажет. Қатаюдың бірнеше түрлері мен әдістері бар, олар: үйдің ішін желдету, денені шынықтыру, серуендеу, ұйқыдан кейін таза ауамен демалу, аяқты салқын сумен шаю, тұзды және тегіс емес жолдармен жалаң аяқ жүру, салқын сумен жуыну, жеңіл киім кию және сумен ойнау сияқты, – делінген Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарламасында.

Шыңдаудың бірінші талабы - гигиеналық жағдай жасау. Ол үшін таза ауа, ауа температурасының рационалды үйлесімі мен баланың киіміне көңіл бөлу қажет. Бөлмедегі ауаның бактериялық және химиялық тазалығына бөлмені жан-жақтан желдету арқылы, қысқа уақыт аралығында (шамамен 5-7 минут) қол жеткізуге болады.

Бөлмені төменде ұсынылған уақыт аралығына желдету қажет:

а) балалар келгенге дейін;

б) сабақ алдында;

в) балалар серуеннен қайтар алдында;

г) күндізгі ұйқы кезінде (топта), ұйқыдан кейін (жатын бөлмеде);

д) түстен кейін;

е) балалар үйіне қайтқаннан кейін.

Ауа арқылы ағзаны шыңдау туралы айтсақ, балаларды біртіндеп желдетіліп жатқан бөлмеде үйрету керек және бір жақты желдетуден бастаған жөн. Бөлмедегі ауа температурасы: 3 жасқа дейін 22°C, 3-4 жыл 21°C, 5-7 жыл 20-18°C болуы қажет. Бөлмені 16°C дейін салқын ауамен желдетіп, терезе немесе есікті жауып қою керек, – дейді департамент мамандары.

Ауа ваннасы белсенділік танытатын ойындармен немесе гимнастикамен үйлеседі. Тамақтанғаннан кейін 30-40 минуттан соң шомылу ұсынылады.

Ағзаны күн арқылы шыңдау әдетте серуендеу кезінде жүзеге асырылады. Баланың күн сәулелеріне реакциясын бақылау өте маңызды. Қызып кетуіне жол берілмеу керек.

Ағзаны су арқылы шыңдау жәймен жүзеге асырылу қажет. Ең жұмсақ су процедурасы – баланың денесін дымқыл орамалмен сүртіп, содан кейін жұмсақ, құрғақ сүлгімен сүрту керек. Алдымен қолдар мен аяқтарды, содан кейін бүкіл денені сүртіңіз. Шыңдау процедураларын жүйелі түрде жүргізу керек, кездейсоқ емес. Тек үнемі жүргізілетін шыңдау процедуралары жүйке жүйесіне қоршаған ортаның өзгеретін жағдайларына бейімделуге мүмкіндік береді, – дейді мамандар.

Бүгінде Алматыда 10 мыңнан астам бала жазды қала сыртындағы және 135 мектеп жанындағы лагерьлерде, сондай-ақ 64281 бала 816 мектепке дейінгі ұйымдарда өткізеді.

Дереккөз: Zakon.kz. Фото: burgylau.kztelegra.ph