фото: сурет: turkystan.kz
Бүгінде ұлттық брендімізге айналған қымыз бен қазы-қартаны Еуропада, соның ішінде Германияда бізден кем емес әзірлейтін мамандар бар екенін естіп жүрміз. Сол секілді ұлттық нақыштағы киімдер мен зергерлік бұйымдарды елден ғана емес, сыртта жүріп-ақ сатып алуға болады. Мысалы, Америкада тұратын Ажар есімді қыз тақия мен қазақша сөздер кестеленген худилер тігеді. Анкарада бір топ маман домбыра жасап, сатады. Швейцарияда текемет тоқитын қандасымыз тұрады. Жуырда Чехияда қамшы өретін қазақ тұратынын естіп білдік.
Нұрлан Бейсекеев – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Пушкино (қазіргі Ақбел) ауылында дүниеге келген. Содан соң сол ауданға қарасты Петровка елді мекенінде мектеп табалдырығын аттаған. Онда шаруашылық агрономы болып еңбекке араласқан ол тоқсаныншы жылдардағы тоқырау салдарынан ауылды артқа қалдырып, қалаға қоныс аударған.
«Ол уақытта құлдырау қатты сезілді. Сондықтан 1996 жылы қалаға көшіп келіп, көлік жөндеумен айналыса бастаған. Содан бастап бүгінге дейін көлік жөндеу жұмысымен айналысады.
Нұрлан Бейсекеев шетелге саяхаттауға емес, жұмыс істеу үшін қоныс аударады.
«Өзге ел тұрғындарының қалай тұратынын, қалай жұмыс істейтінін көргісі келген. Сөйтіп, Праганың маңында орналасқан Градец-Кралове қаласына келіп, жұмысқа орналасады.
Нұрлан қамшы өруді шетелде өз бетінше үйренеді. Шетелдегі жұмыс уақыты – он сағат. Жұмыстан шығып, кешке үйге барғанда іші пысқаннан қамшы өруді қолға алған.
Сосын интернеттен, YouTube-та қамшыны қалай дұрыс өру керек екенін 2-3 рет көріп алады да, бір күні өзі бастап істеп көреді. Алғашында қолында қандай материал бар содан өріп шыққан екен. Бірде дәнекерлеуші киетін тері фартуктен жасап көреді. Сосын тапсырыс беріп, кәдімгі теріні сатып алатын болған.
Қамшы өру Нұрланның жұмыстан кейінгі бос уақытында айналысатын хоббиіне айналып кетеді. Қамшыдан бөлек, ол теріден білезік жасап шығарады. Алдағы уақытта тағы көп нәрсе істегісі келетіндігін айтты.
Нұрланның бұл шеберлігі туралы Чехиядағы белсенді қазақтар ғана біледі. Сыртта жүріп, төл мәдениетімізді дәріптеп жүрген бір топ жас Прага алаңында өтетін түрлі мәдени ивенттерге Нұрланды да жиі шақырады екен.
Қазақстандық азамат Праганың үлкен алаңында қамшы өруден шеберлік сыныбын өткізеді.
«Былтыр қыркүйекте осында жыл сайын өтетін REFUFEST фестиваліне қатысқан. Онда Чехия аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдері өз мәдениеті мен дәстүрін ұлттық тағамдар мен бұйымдар арқылы таныстырады. Осындағы белсенді қазақ қызы Дарина Жұмағұлова қолқа салған соң, сонда қазақ бұрышын әзірлеп, жиналған жұртшылыққа Қазақстанды таныстыруға атсалысады. Нұрлан сол кезде екі қамшы әзірлепті.
Мақаладағы деректер Түркістан газетінен алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через