фото: esquire.kz
Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды", - дейді Сенат депутаты Жанна Асанова.
Оның сөзінше, сенат депутаттары үкіметке осы проблемаға қатысты сауал жолдаған. Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі.
"Заң жобасы мыналарды қамтиды: зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де); оларды жария айыптаудың қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызу; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау", - дейді Жанна Асанова.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через