Күннің бейнебаяны

Бөлісу

Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр

  Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр

 Жергілікті тұрғындар мен туристер өлі балықтарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Айтуларынша, арасында ірі балық та, шабақ та көп. Ал аумаққа жауапты «Бурабай» Ұлттық табиғи паркінің мамандары бұны жаппай қырылу деп айтуға болмайды, дейді. Себебі судан сынама алып, құрамында зиянды заттардың жоқтығын анықтапты. Жылда осы уақытта балдыр гүлдеп, көмірқышқыл газы бөлінеді екен. Салдарынан су жәндігіне оттегі жетіспей, біразы қырылады деп отыр. Ал мұндай құбылыс тек судың таяз жерлерінде болады екен. Дегенмен, қазір судың құрамын облыстық экология департаменті де тексеріп жатыр. Нәтижесі бірнеше күннен соң белгілі болады.
Ақпарат дереккөзі

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через