Бүлдіршіндер белгісіз вирусты жұқтырып жатыр. Балалар дәрігері.

Бүлдіршіндер белгісіз вирусты жұқтырып жатыр. Балалар дәрігері.

Қазір Алматы қаласында балалар вирус жұқтырып жатыр. Әсіресе, балабақшаға баратын балақайлар және 10 жасқа дейінгі жасөспірімдер кеселге жиі шалдығады. Жұқпалы вирустың атауын  отандық мамандар дөп басып айта алмайды. Standard.kz тілшісі балалар дәрігері Гүлжан Тасболатованы әңгімелескен еді.

Дәрігердің айтуынша, бір жұқпалы ауру жыл сайын қайталанғанымен, әр жылы әр түрлі белгімен ерекшеленеді. Биыл вирусты жұқтырған сәбилердің басым бөлігінің басы ауырады.   

  Ауырған сәбилерден байқалатын негізгі белгілер:  дене қызуы, (40 градусқа дейін көтеріледі), бас ауруы, әлсіздік, тамақтың қызаруы.

Мамандар мұны әдетте жазда таралатын ауру түріне жатқызып отыр.

Бірақ бұрын осы ауруды жұқтырған балалардың басы ауырмайтын. COVID-19 індетінен кейін басы ауыратын балалар көбейді. Коронавирустың таралуы басылғанымен жұқпалы індет бір таяқшасын қалдырып кеткен секілді. Ол алдымен әлжуаз топ- балаларға жұғып жатыр.    Гүлжан Тасболатова. Балалар дәрігері.

Егер дәрігерге қаралып, маманның барлық нұсқауын қатаң сақтаса,  сәби сырқатынан бір апта ішінде жазылып кетеді. Үй жағдайында емделетін болса, антибиотик қабылдамай сауығуына болады.

Оқу жылы аяқталып, 10 жасқа дейінгі балалар демалып жатқандықтан, олар дәрігерге көп жүгініп жатқан жоқ. Дәл қазір бұл кесел 6 жасқа дейінгі балақайлар арасында өршіп тұр. Сондықтан ата-аналардан мұқият болуды, балалардың салқын су ішпеуін, балмұздақ жемеуін, суға түспеуін қадағалауды сұраймыз, дейді  дейді Гүлжан Тасболатова.

  Кез келген вирустан сақтанудың ең қарапайым жолы —жеке гигиенаны сақтау. Қолды жиі жуып, оны үнемі таза ұстау. Өйткені адам түшкіргенде немесе жөтелгенде қолымен аузын жабады. Кейін қолды жумай, есіктің тұтқасын немесе басқа да заттарды ұстауы мүмкін. Осы кезде вирус басқа адамға жұғады.

Егер қандай да бір вируспен ауырып жүрсеңіз, бетперде киіңіз. Таза ауада серуендеп, спортпен айналысыңыз. Дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз,

Ресми мәліметке сүйенсек, әлемде балалар белгісіз вирус жұқтырып жатыр. Бұл туралы АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария мен Жапонияның дәрігерлері дабыл қақты. Белгісіз болған тыныс алу жолдарын зақымдайтын көрінеді.

Аурудың асқынуы коронавирус инфекциясына қарсы шаралар жеңілдетілгеннен кейін басталған.

АҚШ-тағы ауруларды бақылау мен алдын алу орталығының деректеріне сүйенсек, балалардың көпшілігінде ауру тұмау және жөтелу секілді белгілермен жеңіл өтеді. Кейбірінде бронх жолдарын зақымдап, өкпенің төменгі бөлігінің қабынуын тудыруы мүмкін.