Бүгін — дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні

Бүгін — дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні

Балалардың артериялық гипертониясының алдын алу маңызды мәселе

Артериялық гипертензия – себебі белгісіз тамырлардағы қан қысымының тұрақты көтерілуін көрсететін белгі. Балалар мен жасөсіпірімдерде артериялық қан қысымының көтерілуі көбінесе тұрақсыз және қайтымды сипатта болады, оған нейровегетативтік өзіндік реттеудың бұзылуы мен теңсіздігі жатады. АГ шалдығудың себебі ауруға тұқымқуалаушылық бейімділік, отбасы мен мектептегі күйзеліс жағдай.

Бала кезден тамақтану мәдениетіне үйрету өте маңызды. Дұрыс тамақтану гиперхолестеринемия, семіздік, артериялық қан қысымына шалдығуды жоя немесе алдын ала алады. Тәуліктік ас үлесіне бай майлы қышқылдарменқанықтырылмаған және әсіресе майлы қышқылдармен жартылай қанықтырылмаған өсімдік майлары кіруі қажет. Тәуліктің тәртіпте тағамды 4-5 рет бөліп жеген дұрыс.

Ас тұзын тұтынуды оңтайландыру қажет. Отбасында тамақтану әдеті кейбір «тұзы аз» тағамдарға бағытталуы қажет. ДДҰ-ның сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес ас тұзын тұтынудың шегі тәулігіне шамамен 5 г болуы қажет.

Дене белсенділігін (түрлі себептермен) төмендету сондай дәрежеде тәтті өнімдерді, шоколад пен шоколад кәмпиттерді, бал, тосапты тұтынуды, құрамында шамадан тыс белсенді заттары көп кейбір азық-түліктерді (сорпа, дірілдек, зельц), сергітетін сусындарды, табиғи кофе, какао, тәтті шай, конверванттары мен тұздары көп (конвервілер, қақталған шұжықтар мен ірімшіктер, балықтан жасалған тағамдар, уылдырық пен маринадталған көкөністерді) тұтынуды да сәйкесінше шеутеуді қажет етеді.

Сәйкес және жаттықтыратын дене белсенділігі – артериялық гипертензияның, гиподинамияның алдын алудың маңызды аспектісі жүрек-қантамыр ауруларының басқа да қауіпті факторларының арасында бірінші орында тұр. Балалық шақтан бастап ата-аналардың үлгісімен балаларды дене жүктемесіне үйрету қажет, сонда ол әдет болып қалыптасып, әрі қарай физиологиялық қажеттілік болады. Дене белсенділігі – дененің артық салмағы, артериялық гипертензиямен күресудің аса тиімді құралы. Таңғы гимнастика жасау, жаяу жүру, велосипед тебу, коньки, шаңғы тебі қажет.

ДДҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып, дене белсенділігін көтеру арқылы халықтың денсаулығын күшейту қажет, осы жастық топтағы балалар мен жасөспірімдерге ойындар, жарыстар, спортпен айналысуғ сапарлар, сауықтыру шаралары, отбасы, мектеп және аудан аясында дене шынықтыру немесе жоспарлы жаттығу жасау ұсынылады. Жүрек-қантамырлар жүйесін, қаңқа-бұлшықет тіндерін нығайту және жұқпайтын аурулардың қаупін төмендету үшін 5-17 жастағы балалар мен жас адамдарға ұзақтығы кемінде 60 минут қалыптыдан жоғары қарқындылыққа дейін күнделікті дене белсенділігімен айналысу ұсынылады.

Көру белсенділігін біртіндеп арттыру қағидасын сақтай отырып, телебағдарламаларды көруді күніне 30-40 минутқа дейін және компьютерге отыруды 1,5 сағатқа дейін шектеу қажет.

Осы көтерілген тақырыпқа қатысты Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының кардиолог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлнар Үдербаева гипертонияның алдын алу және емдеу туралы кеңес береді.

Артериялық гипертония – жүрек-қантамыр жүйесінің ең кең таралған ауруы. Оның негізгі белгісі - артериялық қан қысымының жоғары болуы.

Гүлнар Үдербаеваның айтуынша, артериялық қан қысымының жоғары болуы өлім мен мүгедектікке алып келетін инфаркт пен инсульттің даму қаупінің жетекші факторы.

«Артериялық гипертония кезінде артериялық қан қысымының көтерілуіне сезімтал ағзалар зақымданады, бұл ми қанайналымының өзгеруі. Жоғары артериялық қан қысымының тұрақты белгілері: жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек жеткіліксіздігі, ырғақтың түрлі бұзылыстары, атеросклероз, бүйрек пен көздің зақымдануы. Артериялық гипертония қаупінің факторларына тұқым қуалаушылық, артық салмақ, алкоголь мен тағамда тұздың көп мөлшерін тұтыну жатады»,- дейді спикер.

«Артериялық гипертониясы бар науқастарды емдеу кезінде жүрек-қантамыр асқынуларының даму қаупі мен олардан болатын өлім-жітімді азайту қажет. Бұл өмір бойы ұзақ емделу арқылы іске асырылады. Дәрі-дәрмекпен емдеу ми, жүрек, бүйректі қорғау үшін де бағытталған», - дейді Гүлнар Үдербаева.

Дәрігердің келтірген дерегіне сәйкес, бүгінгі күні елде артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте 1 530 335 пациент тұр.

Фото: z-taraz.kzTwitter100glaz.blogspot.com,sarmedinfo.ruo-krohe.ru