Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бүгін, 15 қыркүйекте еркін күрестен балуандар бозкілемге шығады.
Бүгін еркін күрестен ел құрамасынан төрт балуан бозкілемге шығады. Олардың қатарында Сырбаз Талғат (70 келі), Болат Сақаев (79 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) және Олег Болтин (125 келі) бар.
Сондай-ақ, қазақстандық Жәмила Бақбергенова чемпиондық атаққа таласады. Қарсыласы - АҚШ спортшысы Амит Элор.
Жәмила бұдан бұрын өзбекстандық Светлана Окназарованы айқын басымдықпен жеңсе, одан кейін румыниялық Александра Ангелдің осал тұсын тапты.
Ал Эмма Тисина (57 келі) поляк қызы Ангелина Лысакпен жұбаныш белдесуінде кездеседі. Жарыстың аталған сатысында жеңіске жетсе одан кейін моңғолиялық Даваахимег Эркхембаярмен қола жүлдені сарапқа салады.
Еске салсақ, бұдан бұрын грек-рим күресінен қазақстандық Айдос Сұлтанғали екінші мәрте қола жүлдегер атанды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через