Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алдағы білім беру реформалары және "Болашақ" бағдарламасына қатысты түбегейлі өзгерістер жайлы айтты.
"Елімізде білім беру жүйесін қайта өзгерткім келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді және т.б. тым көп дайындаймыз. Біз қазір білім беру жүйесін техникалық бағытқа ыңғайластыруымыз қажет. "Болашақ" бағдарламасы қайта бағдарлаймыз. Біздің жастарды оқуға, соның ішінде Ресейге де жіберетін боламыз. Мүмкін, бірінші орында Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жіберетін шығармыз", – деді Тоқаев.
Ол техникалық мамандықтарды оқытатын әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы тапсырмаcы тура қайталап өтті.
"Жас қазақтар техника саласының мамандары болуы керек. Бұған кәміл сенемін. Үкімет осы мәселелердің барлығын егжей-тегжейлі қарастырғаны жөн. Егер әрбір қаржылық өнеркәсіптік топ заманауи зауыт салып, ауылдардан, қала маңынан, ірі қалалардан келген мың қарапайым баланы оқытса, оларға жақсы және адал ақша табуға мүмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі", – деді Тоқаев.
Президент бұл бизнестің жауапкершілігінің бірі болуы керек екенін атап өтті.
"Бұл үшін сіздерде барлығы бар. Капитал, тәжірибе, басқарушылар тобы, нарықтағы жағдайды көре білу қабілеті", – деді ол.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через