Бокстан Қазақстан чемпионы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Бокстан Қазақстан чемпионы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

     Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауыв Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізіп, жартылай финалға жолдама алды. 

     ¼ финалда 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекбауов қырғызстандық Жақшылық Талайбековпен жұдырықтасты. 

    Жартылай финалға шыққан отандасымыз кем дегенде қол медаль иеленеді. Бұл Қазақстан құрамасы үшін Азия чемпионатындағы 13-медаль болды. 

     Бұған дейін Санжар Ташкенбай, Саматәлі Төлтаев, Сабырхан Махмуд, Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов, Дариға Шакимова, Карина Ибрагимова, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Мадина Нұршаева, Гүлсая Ердан мен Ләззат Күнгейбаева ½ финалға жолдама алған.