фото: almaty.tv
Қазақстан аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу тәртібі айқындалды.
«Қазір қазақ тіліндегі киноконтетке сұраныс өте зор. Бұл ретте, Министрлік қазақ тіліне дубляжданатын шетелдік блокбастерлердің санын жыл сайын арттыратын болды 2023 жылы 15 фильмді дубляждау жоспарланған», - делінген Мәдениет және спорт министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.
Кейінгі 5 жыл ішінде «Меломан» компаниясы Disney және Sony pictures кинокомпанияларының 17 фильмін дубляждады. Соның ішінде, мемлекеттік қолдаудың арқасында «Аватар» (бірінші бөлім), «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» және «Аватар. Су жолы» фильмдері қазақ тіліне дубляжданды.
«Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Заңына сәйкес, прокатқа шығуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокатталуы жəне көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылмайтын фильмдер мемлекеттік тілде дубляж жасалуға немесе субтитрленуге, сондай-ақ кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде.
Фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды қаржыландыру туралы шешімді уәкілетті орган Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылдайды.
2023 жылғы 10 наурызда қабылданған бұйрық бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу тәртібін айқындайды.
Айта кетсек, былтыр жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесі шамамен 14,5 пайыз болды.
Дереккқз ҚазАқпарат. Фото almaty.tv
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через