фото: https://pixabay.com/ru/
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу денсаулықты нығайтып, иммунитетті күшейтеді.
Семейдегі медицина университетінің физиологиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нәйла Уразалина осылай деді. Ғалымның пайымынша, ерте тұру биологиялық ырғақты бұзады. Адам тез шаршап, еңбек ету қабілеті төмендейді. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген. «Жаңа уақыт белдеуіне ауысу осының бәрін ретке келтіреді», - дейді сарапшы.
Нәйля Уразалина, Семей медицина университетінің профессоры:
- Десинхроноз деген жағдайды шақырады. Ол осындай синхронды түрде біздің биологиялық ырғақпен біздің ішкі ағзалардың қызметі бірдей өмір сүру керек. Біз ол ырғақтан кетіп қалдық. Бір уақыт кеш тұрсақ, онда организм ақырындап бейімделеді. Көп мәселелер ақырындап кетеді, шешіледі. Өйткені организм тұрақты биологиялық ырғақпен бірге қызмет атқарады. Содан енді синхронизациялау байқалады. Ішкі бүкіл организм бойынша. Содан осы жүйелердің бәрі қалпына келе бастайды. Сырқаттар біраз шектеле бастайды.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через