Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады

              Биыл елде 380 мыңнан аса оқушы бірінші сыныпқа барады,. Сәуірден бері оқуға 310 мың өтініш келіп түскен. Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Ал 10 тамыздан кейін дайындық топтары жұмысын бастайды. Оған мектепке дейінгі мекемелерге бармаған не мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады. Еске салайық, өтініштерді қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Мектепке қабылдау үшін мына құжаттарды ұсыну қажет: баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты №026/у-3, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама); көлемі 3х4 см баланың цифрлық фотосуреті. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.