Білім сапасына қойылатын талап төмендеп кетті. Азат Әбдірахманов

Білім сапасына қойылатын талап төмендеп кетті.  Азат Әбдірахманов

Білім беру жүйесін жаңғырту, оны дамыту болашақ мектеп оқушыларының сапалы білім алып, білімді ұрпақ тәрбиелеудегі басты бағыттардың бірі. Сондықтан елімізде білім саласын дамыту жолға қойылған, бұл салаға қомақты қаржы бөлінеді. Бюджет шығысы жыл сайын өсіп те жатыр. Осыған қарамастан елдегі білім сапасының деңгейі төмен. Бұл – өте өзекті мәселе. Қазақстандағы білім беру сапасының төмендегенін Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеу де растап отыр. «Өзекті мәселе»  бағдарламасының бүгінгі санында белгілі ғалым,  Халықаралық Сапа академиясының академигі Азат Әбдірахманов отандық білім сапасы, өндіріс пен білім ордалалары арасында байланыстың жоқтығы, диплом алған жас мамандардың жұмысқа орналаса алмауы, басқа да өзекті мәселеге қатысты өз ойымен бөліскен еді. 

 Фото: vlast.kz