фото: https://sputnik.kz
Білім министрлігі мектеп формасы туралы мәлімдеме жасады
Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасын кию ережесі өзгермегенін мәлімдеді.
"Қазақстан – ол зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекеме болып саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылы шыққан бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмауы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктерін іздестіріп жатырмыз. Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ", - деді Гүлмира Каримова.
Ол түрлі ұсыныс түсіп жатқанын, соның ішінде оларды отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша ұсыныстар бар екенін атап өтті.
"Ең бастысы – барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігін мектепте білім алуы үшін жасалып отыр. Тағы бір айтарым, қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз барлық баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз", - деп толықтырды комитет басшысы.
Гүлмира Каримованың пікірінше, бұл эмоциямен шешетін мәселе емес. Ең алдымен балалардың мүдделері мен заңнамадағы нормаларды негізге алу керек.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через