Білім беру саласында ең жоғары жалақыны елорда мамандары алып жүр, деп хабарлайды ranking.kz сайты.
«Биылғы екінші тоқсанда білім саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 293,3 мың теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы деңгейден 25,4 пайызға жоғары болды», - делінген ranking мәліметінде.
Осы орайда инфляцияны ескере отырып, саладағы қызметкерлердің тауар сатып алу мүмкіндігі 10,1 пайызға өсті.
Салыстырмалы түрде алып қарасақ, ел бойынша орташа атаулы жалақы 312 мың теңге.
Өңірлер бойынша алып қарағанда, білім саласындағы жоғары жалақыны елордадағы қызметкерлер алып жүр. Бұл тұрғыда 414 мың теңге сомасында жалақы тіркеліп, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы деңгейден 18 пайызға артық.
Нұр-Сұлтан қаласындағы жалақы ел бойынша орташа деңгейден 41,1 пайызға жоғары. Осы орайда екінші орында Алматы қаласы (335,7 мың теңге, 26,4 пайыз өсім), ал үшінші орында Маңғыстау облысы (326,2 мың теңге, 21,7 пайыз өсім) тұр.
Саладағы ең төмен жалақы мектепке дейінгі білім беру бағытында байқалып отыр. Бұл секторда орташа көрсеткіш 147,3 мың теңге болып, жылдық өсім 11,2 пайызды құрады. Бастауыш білім сегментінде атаулы жалақы 243,5 мың теңгеге, орта білімде 343,5 мың теңгеге, жоғары білімде 323,1 мың теңгеге жетті.
20 өңірдің алтауында ғана саладағы жалақы ел бойынша орташа деңгейден жоғары екені анықталды.
Фото: el.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через