БІЛІМ ALL жобасы

БІЛІМ ALL жобасы

     Ақтөбе облысында шағын жинақты ауыл мектеп­те­ріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған БІЛІМ ALL жобасы басталды. Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, педагогтер мен шағын жинақты мектеп директорлары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

     «Мемлекет басшысының қол­­дауымен Қазақстанда бала­лардың жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуына барлық жағ­дай жасалған. Дегенмен жасы­ра­тыны жоқ, қала мен ауыл мектеп­терінің білім сапасындағы ал­шақ­тыққа әсер ететін факторлар бар. Осы мәселелерді шешу үшін бірқатар шара қабылданып жа­тыр. БІЛІМ ALL өңірлік жобасы ауыл балаларының білім сапасын арттыруға оң әсерін тигізетініне сенімдімін», – деді облыс әкімі.

     Бүгінде 114 мектепке каби­нет­тер сатып алу, мектеп жиһа­зын жаңарту, оның ішінде кітап­ханалар мен асханаларын жа­ңар­ту бойынша жұмыс жүргізілді. 2025 жылға дейін 282 мектеп модернизацияланбақ.

     «Алға ауданындағы 29 мек­тептің 13-і шағын жинақты. Мә­селен, біздің мектепте 58 бала оқи­ды. Бұл жоба білікті педагог­тер­ден жақсы білім алуға, ал ауыл мұғалімдері үшін үлкен тәжірибе жинақтауға және біліктілігін арттыруға тамаша мүмкіндік», – деп атап өтті Алға ауданының Қарақобда мектеп-балабақша­сының директоры Еркінбек Зиядинов.

     «Қала мен ауылдағы білім деңгейін теңестіру мақсатында қолға алынып жатқан жобаның қатысушысы болу – үлкен мәр­тебе. Дарынды балалар ауылда да бар. Бірақ маман тапшылығы­ның кесірінен олардың барлы­ғын дер кезінде тани алмай жа­тамыз. Алдағы уақытта бұл жо­баның ауқымы кеңейетініне се­німім мол», – деді М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының матема­тика пәнінің мұғалімі, Ақтөбе облысының үздік педагогі Нұр­бек Абдуллин.

     Өңір басшысы Ералы Тоғ­жанов ауылдық жерлерде интер­нет дұрысталмай, білім беру және денсаулық сақтау мәселесі толық шешілмейтінін айтты.