фото: Яндекс
Мұқият залалсыздандырылмаса, жылы су мен бассейннің климаты микроорганизмдердің көбеюі үшін таптырмайтын орта. Осындай жерден бала тері ауруын, егер оның иммунитеті төмен немесе терісі зақымданған болса, оп-оңай жұқтырып алуы мүмкін. Мысалы, тегіс терісінде«тері микозы» немесе тырнағында зең жұқпасы болса тіпті қауіпті. Жұқпаны жұқтыру тек судан ғана емес болуы мүмкін, себебі, бұл микроорганизмдер баспалдақтар мен оның тіреу-жақтауларында және душтарда өмір сүре береді. Сондай-ақ, терінің бактериалды және вирусты ауруларының кең тараған түрі болып табылатын «пиодермия» және «контагиозды моллюск» жұқпалы ауруларын, ағымдағы залалсыздандыру тәртібі бұзылған бассейндерде жұқтыру мүмкін. Сонымен бірге, абайсызда бассейнің, бір ұрттап алған суынан ағзаға ішек жұқпасының қоздырғыштары түсіп кетіп, пайда болатын жедел ішек жұқпасы жөнінде де еске салып кету маңызды. Осындай себеппен, ішек паразиттері - «лямблия» жұқпасын жұқтырып алуға болады, ол құстыратын, іші түйілтетін, теріге бөртпе бастыратын «диарея»-іш ауруына шалдықтырады. Тыныс алу жолдарының жұқпасы, суда немесе шешінетін бөлмелерде суықтап қалу себептерінен ушығуы мүмкін.
Тері ауруларының алдын алудың негізгі құралы – бұл душ. Баланы бассейннен кейін гель немесе сабынмен мұқият жуынуға үйретіңіз. Душтан бассейнге бала байпақпен жетуге тиіс. Баланы жекебас құралдарымен – бет сүлгісімен, төсенішпен қамтамасыз етіңіз. Балаға бассейнге түсер алдында одан су жұтуға мүлде болмайтынын, денсаулыққа аса қауіпті екенін ежелеп түсіндіріп, қатаң ескертіңіз.
Егерде бассейнде санитарлық-гигиеналық нормалар мұқият сақталса, жұқпаны жұқтыру қаупі азаяр еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через