фото: pixabay.com
"Өз үйім өлең төсегім" демекші жеке шаңырағыңның болғанына не жетсін. Әрбір азамат баспаналы болуы үшін елімізде құрылыс қарқынды жүргізілуі керек. Ресми дерекке сүйенсек, биыл пайдалануға берілген баспана саны күрт көбейіпті.
Биыл жыл басынан 100 мыңнан астам пәтер сатылымға шықты. Бұл 2019 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. Ал былтырмен салыстырғанда 35 пайызға, яғни 26 мыңға көп.
Мамандар тұрғын үй нарығының сарапшылары ұсыныстың артуы шаршы метр бағасының арзандауына әсер етуі мүмкін дейді. Өйткені тұрғын үйлер көптеп салынып жатқанымен, жөнді бағдарламаның жоқтығынан сауда көлемі азайған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше биылдың өзінде қолданыста болған үйлердің бағасы 5,5 пайызға арзандаған.
Елімізде жаңа ипотекалық бағдарламалардың саны артып келеді. 2024 жылы кейбір бағдарламалардың талаптары мен мемлекет пен банктен бөлінетін қаражат мөлшері өзгерді.
Жалпы, 2024 жылды ел тұрғындары қалай жаңа үйде қарсы ала алады?
Біз отандық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды талдап шықтық. Жиналған ақпаратты сіздермен бөліскенді жөн көрдік.
Жастарға арналған бағдарламалардың жалпы талаптары қандай?
Еліміздегі жастарға баспаналы болуға мүмкіндік беретін үш тәсіл бар. Олар:
- Сатып алу құқығынсыз пәтер жалға алу.
- Отбасы банк пен қала/облыс әкімдігі беретін жеңілдікті ипотека.
- Отбасы банктің өз бағдарламасы бойынша жас отбасыларға берілетін жеңілдікті ипотека.
Жұмыс істейтін жастарға жалға беріледі
Бұл тек Астана (Елорда жастары), Алматы (Алматы жастары) және Шымкент (Шымкент жастары) тұрғындарын қамтитын бағдарлама. Жыл сайын 1000-1100 жаңа пәтерге жастар қоныстанады.
Қатысатындар - 35 жасқа толмаған жұмыс істейтін азаматтар.
Талаптар:
Өзінің және отбасы мүшелерінің атында баспана болмау керек.
Астана, Алматы не Шымкентте кемі үш жыл тұрақты тіркелу қажет. Ал отбасы мүшелері тіркелсе болды, мерзімі маңызды емес.
Отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс көлемі 40 АЕК, яғни 138 мың теңгеден кем болмауға тиіс. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасының жалпы кірісі 552 мың теңге болады.
Одан бөлек билік балл жүйесін қолданады.
Балл қалай беріледі:
нарықта сұраныс әлдеқайда жоғары мамандыққа – 10 балл.
отбасына – 5 балл;
бір балаға – 1 балл, одан кейінгі әр балаға – 2 балл;
1 жылдан кем емес уақыт кәсіпкерлікпен айналысса – 5 балл, кейінгі әр жылға – 1 балл;
еңбектегі жетістіктері үшін – 2 балл;
бюджеттік ұйымдағы еңбек өтілі үшін – 5 балл, онда қызмет еткен әр жыл үшін – 1 балл;
банктердің жинақ шотына/депозитке ақша салып, 40 АЕК-тен кем емес ақша жиналса – 2 балл.
Үміткерлердің балы тең болса, бірінші өтінім берген және жасы үлкендеу адамға басымдық береді.
"Пәтерақы сомасы 5-15 мың теңге шамасында болады. Мерзімі – 3 жыл. Содан соң жалға алушы пәтерді босатады. Демек ол үш жыл ішінде өз пәтерін алуға жететін бастапқы жарна жинап үлгеруі керек", - дейді krisha.kz сайты зерттеуінде.
Бағдарлама 2025 жылға дейін жұмыс істейді.
Өңірлік ипотекалардың талабы қандай?
Биыл бағдарлама Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Абай, Ұлытау облыстарын, БҚО-дағы Бөрлі ауданын қамтиды. Жуырда Атырауда іске қосылады.
Қаражатты Отбасы банк пен жергілікті әкімдік бөледі.
Оған мұғалім, дәрігер, журналистер, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала мамандары, коммуналдық мекеме, полиция, ТЖД қызметкерлері және т.б. қатыса алады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Атында үй болмау және мемлекеттік қызмет атқару не бюджеттік ұйымда жұмыс істеу.
- Жасы 35-тен аспау керек.
Ипотека шарттарында өңірге байланысты аздаған айырмашылық болуы мүмкін, бірақ негізгілері мынадай:
- Мөлшерлемесі - 5 пайыз.
- Бастапқы жарна - 10 пайыз.
- Мерзімі - 25 жылға дейін.
- Ең көп қарыз сомасы - 18 млн теңге.
Өтінім әр аймақта әртүрлі уақытта қабылданады, қалыс қалмау үшін БАҚ-ты оқып, талдаған жөн, деп жазды .Massaget.kz.
2024 жылдың 15 ақпанынан бастап «Отбасы банкі» ең танымал аралық несиені беру шарттарын өзгертеді.
Бұл қазақстандықтарды ұзақ және тәртіпті үнемдеуге ынталандыру үшін жасалады.
Аралық заем қалай жұмыс істейді.
Отбасы банк жинақ мәдениетінің негіздерін нығайту мақсатында өткен жылы аралық заемдар бойынша мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен саралау бойынша жұмыс істей бастады. Аталмыш заем түрін беру енді бағалау көрсеткішіне және жинақтау кезеңіне байланысты. Қазіргі уақытта аралық заемды бағалау көрсеткішінің ең төменгі 2,5 мәнімен алуға болады. Бұл мәнге жету үшін депозиттегі ақша кем дегенде 3 ай бойы жиналуы керек.
2024 жылы не өзгереді
2024 жылдың 15 ақпанынан бастап аралық заемды алу үшін бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні 5-ке дейін көтеріледі.
Бұл ретте аралық заем мөлшерлемелері төмендейді және 6%-дан 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 6,2%-дан бастап) болады.
Несие бойынша мөлшерлеме көлемі депозит бойынша жинақтау мерзіміне және бағалау көрсеткішінің мәніне байланысты болады. Бағалау көрсеткіші жоғары болған сайын заем мөлшерлемесі төмен болады.
Қазіргі уақытта аралық заемды бағалау көрсеткішінің ең төменгі 2,5 мәнімен алуға болады. Бұл мәнге жету үшін депозиттегі ақша кем дегенде 3 ай бойы жиналуы керек.
Бағалау көрсеткіші 5 болу үшін не ісеу керек
Бағалау көрсеткішінің 5-тік мәнін тұрғын үй құнының 50% мөлшеріндегі сомаға салымды толтыру сәтінен бастап кемінде 6 ай мерзім өткен жағдайда алуға болады. Сонда ғана банк 8,5%-ға (ЖТСМ 8,9%-дан бастап) тең болатын ең жоғары мөлшерлеме бойынша заем береді.
Бағалау көрсеткіші | 6,66 - 7,48 | 5,83 - 6,65 | 5 - 5,82 |
Аралық заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі | 6%-7,5% | 6,5% -8% | 7%-8,5% |
Бағалау көрсеткішінің мәніне қарай аралық тұрғын үй заемдары бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемелері келесі бағдарламалар бойынша қолданылатын болады:
1. Банктің нарықтық бағдарламалары – алғашқы немесе екінші нарықтан тұрғын үй алу, жер телімін алу, баспананы жөндеу және жаңғырту, тұрғын үй құрылысы.
2. «Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы аясында несиелендіру шарттары, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша.
3. «Жаңа баспана» (тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін).
Тұрғын үй және алдын ала заемдар бойынша мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды, деп жазды baq.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через