Бар жақсылық -- балаларға

Бар жақсылық -- балаларға

       Алматы облысы, Кеген ауданында  қайырымдылық жасаудан жалықпаған жан бар. Ол --  профессор, Халықаралық Сапа академиясының академигі, «Сапалы Қазақстан/Качественный Казахстан» порталының бас редакторы Азат Абдрақманов.  Ол кісі ылғи өзі туып-өскен ауыл-аймаққа игілікті іс жасап жүреді.  Жаны жомарт азамат жыл  сайын тұрмысы төмен отбасы балаларына қамқорлық танытып тұрады. Былтыр жаңа оқу жылы қарсаңында бірнеше балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсе, биылғы «Балалар жылында» Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылының, Ыдырыс Көшкінов атындағы мектептің 10 оқушысы мен Кеген ауданы, Ақсай ауылы, «Ақсай орта мектептің» 10 оқушысына  «Қапшағай-Бәйтерек» демалыс лагеріне барып демалуына мүмкіндік жасады. Әрине халықтың әлеу­меттік тұрғыдан әлсіз тобындағы дарынды балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден  қаржы бөлінеді. Дегенмен ол ақша барлық балаға жете бермесі анық. Сол себепті де, Азат Абдрақманұлы көбінесе демеушілік жасап, көмек қолын созып, қолдау білдіріп жүреді. Туған жерінен жырақта жүрсе де, жерлестерін ұмытпай, әрдайым демеушілік жасаудан аянбайтын жомарт жанға  жерлестерінің алғысы шексіз.

       Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылы, Ы.Көшкінов атындағы орта мектептің директоры Абай Бейсенбайұлы Хасенов:

       Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Біреуге жақсылық жасау арқылы адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан бойына сіңіріп, адамгершілік қасиетке баулуды үйретеді.

       Сондай игі істің бастамасын көрсете білген асыл азамат   туралы айтсақ көңілге жылу ұялайды. Себебі, ол кісі біздің Ыдырыс Көшкінов мектебіне үш-төрт  жылдан бері көмегін көрсетіп жүр. 2021 жылы 15 балаға, 2022 жылы 10 балаға демеушілік жасап Қапшағай қаласындағы «Бәйтерек» лагеріне демалуға жағдай жасаса, әлеуметтік санаттағы отбасы  балаларына  қайырымдылық жасап, біраз баланы киім - кешекпен қамтамасыз етіп келеді.

      Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Азат Абдрақманұлы сондай жомарт адамдардың бірі. 1-қыркүйек білім күнінде ізгі тілегін айтып балаларға базарлығын бергенде оқушылардың жүзінен күлкі көргеннің өзі үлкен мәртебе. «Қуанса бала қуансын» деген қазақ халқымыз  ең бірінші жақсылықты балаға жасауға тырысқан. Еліне елеулі, жаны жайсаң, іскер азаиматқаел дән риза., мектеп ұжымының айтар алғысы да шексіз..

       Алматы облысы, Кеген ауданы, Ақсай ауылы, «Ақсай орта мектеп» КММ әлеуметтік педагог Алтынай Ақылбаева

      Үстіміздегі 2022 жыл Қазақстанда балалар жылы деп жарияланды. Бұл туралы Президент ҚасымЖомарт Тоқаев өз  жолдауында айтты. Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Олардың амандығы-мемлекетіміздің сенімді жарқын болашағының  кепілі, деп атап өтті. Осыған орай 2021-2022 оқу жылында «Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Академик Азат Әбдірақманов ағамыз қол ұшын созып, «Мектепке жол» акциясы аясында жомарттық жасап, көп балалы әлеуметтік жағдайдағы отбасы балаларына 15 түрлі оқуға қажетті құралдарды табыс етті. Жазғы лагерь «Қапшағай-Бәйтерек» демалыс орнына балалар ел көрсін, жер көрсін, демалсын деп, он балаға тегін жолдама әперіп, оқушыларымыз кермет демалыстан риза болып қайтты. Кәсіпкер ағамыз қолы ашық, адамгершілігі мол, кең пейілді, ағамызға қымбатшылық кезде қол ұшын беріп, балапандарымызды қуанышқа бөлеген Азат Абдақманұлына мектеп ұжымы да, ата-аналар да дән риза. Кәсібінің нәсібін көрсін деген тілегіміз бар.

        «Жаңбырменен жер көгерер, алғыспенен ел көгерер» демекші, дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ! Қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, жылы сөз, жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсетіп жүрген жомарт жандар қатары көбейе берсе екен дейміз.

         Standard.kz