Балаңызға қандай ойыншық алып беріп жүрсіз?

Балаңызға қандай ойыншық алып беріп жүрсіз?
фото: Pexels

  

      Стандардт.кз порталы таспа түсіруге мүмкіндік жасаған Түрксіб ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Мәулен Берікбайұлы  Ұнасбеков мырзаға  алғыс білдіреді.

      Мамандардың айтуынша, еліміздегі әрбір үшінші ойыншықтың құрамында улы заттар болады деседі. Қаншалықты шындыққа жанасады? Қазақстанда балалардың түрлі ойындарымен қатар, ойыншықтарының сапасын, қауіпсіздігін кімдер реттейді? Сапасыз ойыншық бала ағзасына қандай қауіп төндіреді? Ойыншық сатып алар алдын неге баса назар аудару керек?  Сұрақ көп. Standard.kz. портал журналистері осы сауалдың сұрағына жауап іздеп көрді.

Қай бір жылдары Пекин ресми өз елдерiндегi 242 түрлi ойыншыққа тексеру жұмыстарын жүргiзіп, қорытындысынан қытайлардың өздерi таңырқап, шошынған болатын. Олардың басым бөлігі сапасыз, талапқа сай емес жасалған. Ал, ең қауiптiсi, осы ойыншықтардың 80 пайызының құрамынан хром және мырыш қоспалары табылған. Өкінішке орай бүгінгі таңда Қазақстанның нарығы - Техникалық регламенттің талаптарына сай келмейтін сапасы төмен ойыншықтарға толып тұр. Ойыншықтардың негізгі бөлігі бізге Қытай Халық Республикасынан заңсыз жолмен келеді. Оларда маркерлену болмайды соған қарамастан шағын көтерме фирмалары мен жеке кәсіпкерлер базарларда  сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ешбір құжатсыз саудалап келеді.

Сол себепті де ойыншықты таңдау кезінде тұтынушы мұқият болуы тиіс.Таңдау ережелері де жеңіл. Ең бастысы ойыншық таңдау кезінде танымал өндіруші-фирмаларға жүгініңіз. Әрине олардың өнімдерінің бағасы базарларда сатылатын ойыншықтардан қымбат. Алайда танымал фирмалар өз өнімдеріне өздері сынақ жүргізеді және қауіпсіздігі мен беделіне жауап береді.

Екіншіден, ойыншықтарды кездейсоқ базарлардан емес ойыншық сататын арнайы нүктелерден алу керек.

Қаптамасына назар аударыңыз: онда ойыншыққа арналған баланың жас тобы туралы маркерлеу болуы керек.

Ойыншық таңдау кезінде оның иісіне жете мән беру керек, бұл арқылы оның сапасын жанама түрде білуге болады. Ойыншықтарда өткір, жағымсыз, бөтен иіс болмау керек. Пластмастан жасалан ойыншықтардың дені боялады. Оны оңай тексеруге болады. Ойыншықты ылғалды сүлгімен сүрткен кезде, сүлгіге немесе саусағыңызға бояу жағылса, ондай мұндай ойыншықты сатып алмаған абзал.

Ойыншық сатылатын сауда орындарында ұялмай ойыншықты тексеріп көріңіз. Ойыншықтың үстінен қолыңызбен жүргізіп шығыңыз, ойыншымайысу үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек.Ойыншықтардың бөлшектерінде берік бекіткіштер болуы тиіс.

Тағы бір маңызды нәрсе естеріңізде болсын! Қазақстанның сауда нүктелерінде сатылатын ойыншықтарда өндіруші-мемлекетіне қарамастан, жүргізілген зерттеулерге негізделген сәйкестік сертификаты яғни, олардың сапасы мен қауіпсіздін растайтын құжаты болуы шарт.

Бағаға деген шынайы махаббатыңыз, ең алдымен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуден көрінеді. Соның ішінде балаңызға деген жылы сезіміңізді жеткізуге көмектесетін қауіпсіз ойыншықтар болуы керек.

Қалай болғанда да бала ойыншығына құр ермек деп қарау әсте дұрыс емес. Ол – жас буынның сана-сезімін қалыптастырушы. Әрі құрамында зиянды химиялық элементтер бар сапасыз ойыншықтың бала ағзасына да айтарлықтай зиян тигізетіні тағы бар. Сондықтан да, әрбір ата-ана  санитарлық қадағалау ұйымдары қала дүкендері мен базарларында сатылатын балалар ойыншықтары мен тауарларының сапа құрамын бақылауда ұстағанын қалаймыз. Ал, бұл біздің балаларымыздың денсаулығы мен салиқалы азамат болып өсуінің кепілі болмақ.

Алматы қаласы Түрсіб ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы Айгүл Амангелдіқызы Бекбосынова.