Балалар неге қорқынышты ойыншыққа әуес?

Балалар неге қорқынышты ойыншыққа әуес?

Хаги-ваги, киси-миси, кили-вилли. Балалар арасында болмысы не адамға, не жануарға ұқсамайтын ойыншықтарға сұраныс артқан. Ересектің зәресін ұшыратын үрейлі ойыншықтарға балақайлар неліктен үйір? 

Дүкен сөресінде самсап тұрған сүйкімді, жұқсақ ойыншықтан гөрі ойын баласы кейінгі кезде осындай құбыжықтарға үйір боп барады. Дүкен иесі Таңшолпан Жасыбаева «мультфильмнің жағымды кейіпкерлерін көптеп ұсынсақ да, қорқынышты ойыншықтарды аттай қалайды», дейді.  

 Даже болады ата-аналар мынадай ойыншық бар ма? Көзінен қан ағып жатқан ойыншық бар ма? Или тістері жаман ойыншықтар бар ма? Деп өздері келіп сұрап, соларды заказ беріп кетеді.  Таңшолпан Жасыбаева, кәсіпкер.

Еуразиялық экономикалық Одақ елдері балалардың жүйке-жүйесіне кері әсерін тигізетін ойыншықтардың сатылымына тыйым салмақ. Жуырда одақ мүшелері регламентті қарастыруға кіріседі. Таңшолпан Жасыбаева бұл бастаманы құптайды, «бірақ адам зәресін алатын ойыншыққа тыйым салмас бұрын,  сол ойыншықты жарнамалайтын ойындарға тоқтау салу керек» дейді.  Таңшолпан Жасыбаева, кәсіпкер.

Соник Экзе тоже ойыннан алынған ойыншық. Радужные друзья, негізі қорқынышты ойыншықтардың бәрі ойыннан алынған персонаждар. Ең бірінші меніңше ойынды тоқтату керек сияқты. Таңшолпан Жасыбаева, кәсіпкер.

Кейіпкерлері қорқынышты ойындарға көбіне Youtube желісіндегі мультфильмдер арқау болады. Астаналық Әсел Қонысбаева жеті жастағы баласының мұндай контентті сағаттап қарағанын айтады. Уақыт өте келе, ұлының мінез-құлқы өзгере бастаған. 

Көбіне қазіргі балалардың көретін мультфильмдары түсініксіз ғой. Түсініксіз атаулар, сиреноголовый дейді ма, хагги-вагги деген неше түрлі шығып жатыр ғой. Не түрлері жоқ, не адам емес, не жануар емес, түсініксіз мультфильмдар. Балалар соған қызығады, ол жақта жақсы озвучка жүргеннен кейін бе? Білмеймін. Баланың психикасына әсер ете бастағанын қалай байқадыңыз? – Ең бірінші, мінезінен байқадым. Мінезі кішкене қорқақтау бола бастады. Ұйқысы жаман бола бастады. Түнде шошып оянады. Мінезі енді, агрессиямен жауап беретін болды. Оның бәрі аспаннан түскен жоқ. Бірнәрсе себеп болып тұр. Әрине, ол мультфильмдар себеп болады. Әсел Қонысбаева, қала тұрғыны.

 Күмәнді контентке тоқтау салу үшін Әсел баласының планшетіне арнайы қосымша жүктеп алған. Қауіпсіздік қосымшасы баланың Youtube-та қандай каналға жазылғанынан хабардар етеді. Әселдің пікірінше, үрей тудыратын мультфильмге шектеу қоюдың тапсырмас жолы осы. Ал анимациялық фильмдердің режиссер-продюсері Ділшат Рахматуллин «ата-ана ең алдымен контенттің көркемдік мағынасына мән берсе» дейді.

Балаларға жамандық пен жақсылық туралы ертегілер қызық. Бұл драмматургияның классикалық үлгісі. Онсыз тіпті ересектерді қызықтыратын контент жасау қиын. Дегенмен жағымсыз кейіпкердің бейнесін салғанның өзінде, біз оның түрін тартымды етіп салуға тырысамыз. Әрине, мультфильмдерде жақсылық қашан да жамандықты жеңеді.Осылайша балалар жағымды кейіпкерді үлгі тұтып, отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиеленеді. Ал жамандық жақсылықтан басым түссе, онда бұл контент балалардың жүйке-жүйесін зақымдайды. Ділшат Рахматуллин, анимациялық фильмдердің режиссер-продюсері.

YouTube сияқты тегін платформада көрсетілетін мультфильмнің кейіпкерлерін ойыншыққа айналдырып сату кәнігі маркетологтардың айласы. Бүлдіршіндердің әр кейіпкердің атын атап, түсін түстеуі де сондықтан. Отбасылық психологтың айтуынша, негізі мұндай ойыншықтар өздігінен қауіп тудырмайды. 

Балалар үрейді жеңу арқылы дамиды. Белгілі бір кезеңде тіпті мұндай ойыншықтардың көмегі тиюі мүмкін. Алайда бала бұл ойыншықпен жарты, не бір жыл көлемде ойнауын жалғастырса – онда оған қосымша диагностика жүргізіп, неге олай екенін анықтаған жөн. Бойын үнемі үрей билегені, жақсылықтың нышаны емес. Дей тұрғанмен, өзіміз қалай өскенімізді еске алайықшы? Біз де балалық шақта осы кезеңдерден өткенбіз. Любовь Фёдорова, отбасылық психолог.

  «Бала бойындағы ашу-ызасын шығару үшін осындай ойыншықтармен ойнауы - қалыпты жағдай. Бірақ мұндай ойын ұзаққа созылмауы тиіс» дейді психолог. Ал мұнысы үйреншікті жағдайға айналса, онда дабыл қағу керек. Сондықтан психологтар, хаги-ваги болсын, басқасы болсын, баланың ойыншықпен қалай ойнатынын бақылауға кеңес береді.



Дереккөз 24.kz. Фото:br.pinterest.combakimhome.comru.pinterest.com