Жаңа ғасырда жасөспірімдер неге қатыгез болып барады? Ұрып-соғу, төбелес, айқай-шу, ерегес, әлімжеттік осының бәрі бұл күнде жеткіншектер арасында қалыпты дүниеге айналып кеткен. Мамандар осы жағымсыз дүниелердің бәрін топтап, "буллинг" деген терминге сыйғызған. Мұның аясына кемсіту, мазақтау, келеке ету де кіреді.
«Атаға қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген. Ата-ана әрдайым «балам адам болсын» деп тілейді. Сонда балалардың өзгеруіне не себеп. Жасөспірімді қайырымдылыққа, имандылыққа қалай тәрбиелеуге болады?
Қазір бұл мәселеге, тіпті, үкімет те алаңдап отыр. Оқу-ағарту министрлігі біз айтып өткен озбырлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды қолға алған. Басты назар – мектептердегі тәрбие сабақтарына беріліп отыр. Оның нәтижесін алдағы уақытта көре жатармыз. Әзірге айқын бір нәрсе, қазақстандық әр бесінші оқушы буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады екен.
Standard.kz ақпарат порталының тілшілері осы тақырыпқа қатысты қала тұрғындарының пікірін білу үшін көшеге микрофон алып шыққан еді.
Фото kaztag.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через