фото: https://supermams.ru/
Балаға лимонды қай жастан бастап беруге болады?
Лимон — аскорбин қышқылының және ағзаға қажетті көптеген биологиялық белсенді заттардың бағалы көзі. Бұл жеміс дәрумендерге, микро және макроэлементтерге бай, оны бала рационына міндетті түрде қосу керек. Алада оны баламен «таныстыру» кезінде ата-ана дәрігердің ұсыныстарына құлақ түргені абзал. Бұл лимонның барынша пайдасын алуға және балада аллергияның даму мүмкіндігінің алдын алуға көмектеседі. Ендеше, балаға лимонды қай жастан бастап беруге болады ?
Ата-ана бала рационына жаңа өнім қосарда оны балаға неше жастан бастап жеуге болатынын білуі керек. Лимонды алғаш рет балаға берген кезде оның кішкентай бөлігін беруден бастаңыз. Оны тек 9-10 айдан соң беруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, лимонмен «танысуды» оның кішкентай тілімін жылы суға салып, аздап қант қосып беруден де бастауға болады. Ал 1 шай қасық лимон суы қосылған шайды балаға 1 жастан кейін ғана беру ұсынылады. Мұндай сусынды негізгі тамақтан бөлек берсеңіз, ол ағзаға жақсырақ сіңеді. Лимон сусындарын балаға аптасына 2-3 реттен артық бермеу керек. Лимон тілімін де аптасына 3 реттен артық бермеу ұсынылады.
Ал егер бала тағамдық аллергияға бейім болса, педиатрлар мұндай балаларға цитрусты жемістерді 1 жасқа дейін мүлдем бермеуге кеңес береді. Тіпті, кей жағдайда аллергияға бейім балаларға лимонды 2-3 жасқа дейін бермеу керегі де айтылады.
Бала лимон жегенді ұнатса да, бір бергенде 2-3 тілімнен артық бермеген жөн.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через