Бақыттың кілті өз қолыңызда
Күнделікті өмірімізде көп нәрселерге мән бере бермейміз. Бақыттың кілті сіз аңғармай жүрген қарапайым ғана жайттарда болуы әбден мүмкін. Бәрін өзіңізден бастаңызшы. Шағын әдеттер - бұл күнделікті жоспарлар, оларды орындау үшін бірнеше минут қана кетуі мүмкін. Бірақ бағамдап байқасаңыз, нәтижесінде олар сіздің өміріңіздің сапасына оң әсер берері анық.
Сонымен, күнделікті қандай шағын әдеттер жасауға болады?
Осы қарапайым ғана ережелерді қолданып көріңізші. Ендеше кеттік:
- Ұйықтар алдында түнде өз-өзіңізге "мені таңертең ертерек оятыңыз" деп айтыңыз. Сіз шырылдаған таңғы қоңыраудан бұрын ояна бастайсыз.
Шырылдаған қоңырауды басу үшін керуетіңізден тұрасыз немесе ол сізге қолсозым жерде болуы мүмкін. Ұйқыңыздан көңілді ояныңыз.
- Таңертең бір литр су ішіңіз. Көптеген адамдар ылғалдың болмауына байланысты шиеленісті сезінеді. Гадфляция - бұл энергия. Кешке төсек жанындағы тумбаға бір литр су құйып әкеліп қойыңыз, оянғаннан кейін бірден ішіңіз.
- Тістеріңізді тазалап болған соң, бір сәтке ғана айнаға қарап күліңіз. Айнаға қарап: "Мен сені жақсы көремін" деп айтыңыз. Барлық адамдар өздерін жақсы көруі керек. Неге біз өзімізді жақсы көрмеске, өзіміз туралы жағымды нәрселер айтпасқа?
- Жаяу серуендеуге барыңыз. Олар адамдарға проблемаларды шешуге, жаңа идеяларды ойлап табуға, санаңыздың саңылауындағы бұғып жатқан көптеген құпиялардың оянуына септігін тигізеді. Адам табиғатпен егіз деген, табиғатта серуендеу өз- өзіңізбен сырласуға мүмкіндік береді.
- Егерде өзіңізге бірдеңе жетіспей тұрғанын сезсеңіз, көңіл-хошыңыз болмаса бір сәтке тоқтап, сәл шегініс жасаңыз. Өзіңіз риза болған, әлде жаныңызға жақсы әсер қалдырған үш жайтты еске алыңыз.
- 10-20 минут медитация жасаңыз. Ол үшін тыныштық керек әрине. Қараңғы жерде, жалғыз отыру адамға сергуге көмектеседі. Тыныс алу сәтін төртке дейін санаңыз; деміңізді ұстап, "төртті" санаңыз. Жай ғана тыныс алып, жайсыздықтарды ойламаңыз.
- Бүгінгі ойға алған шаруаны бастау үшін немесе күнделікті жұмысқа кіріспес бұрын, ағымдағы жұмыс кестесінің маңыздылығына мән беріңіз. Сонда ғана күнделікті жұмыс өнімділігіңіз артуы мүмкін.
- Күн сайын өзіңізге жақын немесе үлгі тұтатын бір адамды мадақтаңыз. Негізінде, сіз біреуді шын жүректен мақтаған кезде "бақыт гормондары", адам ағзасындағы серотонин және окситоцин өзара биохимиялық реакцияны бастайды.
- Күн сайын терлеңіз. Спортпен айналысыңыз. Тәулігіне бір рет болса да терлеудің амалын табыңыз. Бұл сіздің жалпы денсаулығыңыздың жақсаруына ең тиімді әдістердің бірі. Мұның барлығы сіздің ағзаңыздағы «бақыт гармондарының » оянуына септігін тигізері хақ. Егер сіз физикалық сау болсаңыз, онда көрде тұрыңыз сіз кәсіби салада жетістікке жете бастайсыз.
- Өткен күндерді талдап, тек жақсы нәрселерді ғана жадыңызда сақтауға тырысыңыз. Егерде мүмкіндік болса, жадыңыздағы жақсы естеліктерді күнделікке жазуға тырысыңыз. Сіз үшін бүгін қандай маңызды жайт орындалды, міндетті түрде ол жайлы екі ауыз сөзбен болса да жазып қойыңыз.
- Күн сайын оқыңыз. Қосымша идеяларды табудың ең жақсы тәсілі -оқу, оқу, оқу. Неғұрлым көп оқысаңыз, соғұрлым көп идеялар аласыз, көңіл көкжиегін кеңейтесіз. Кітап оқуға зауқыңыз болмаса , аудиокітаптарды тыңдаңыз.
Аударған: Шынар Мұхаметжанқызы
Дереккөз: pickthebrain.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через