Азықтық қоспалар дегеніміз не?

Азықтық қоспалар дегеніміз не?

       Қазіргі заманда тек қана табиғи таза азық-түлікті пайдаланатын адамдар қалмаған сияқты.

       Адамдар отырықшы өмір салтына көшкелі бері азық-түлікті ұзақ сақтау қажеттілігі туындады. Алдымен олар мұның от пен түтіннің көмегімен жасады. Сосын тұқ пен сірке қышқылын қолдана бастады.

       Бүгінгі  күні азық-түліктің жарамдылық мерзімін арттыру, өнімнің азықтық құндылығын сақтау, тұтынушылық қасиетін  жақсартуға көмектесетін заттардың саны азықтық қоспалардың тұтас кластарына бөлінеді: консерванттар,қышқылдануға қарсы заттар, тұрақтандырғыштар, ылғал сақтаушы агенттер т.б.

       Азықтық қоспалары  бар азық-түліктерді қалай пайдалануға болады деген сұраққа дұрыс жауап беру үшін оларды пайдаланудың негізі артықшылықтары мен кемшіліктерін таразылап алу керек. Барлық азықтық қоспалар хаимиялық зат болып табылмайтындығын айтқан жөн. Олардың табиғи түрлері де бар және ол қоспалар табиғи көздерден,яғни шөптерден, жеміс-жидектерден, еттен, құстан, ашытқылардан, т.б. алынған.

       Сіздер көбіне зат белгілерде «табиғиларға тең» деген жұмбақ жазуды көресіздер. Қателеспеңіз – бұл қоспалар табиғи емес және олар синтез жолымен жасалады. Мүлдем қауіпсіз немесе қауіпті азықтық қоспалар болмайды. Оларды мөлшерінен тыс көп пайдаланса, олар адам ағзасына зиян келтіреді. Одан басқа, бір адамның ағзасына зиянсыз қоспалар екінші адамның ағзасына орасан зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан да кейбір азықтық қоспалар үшін ескертулер бар, олар қаптамаға жазылуы керек, мысалы қант алмастырушылар үшін (сорбит, манит,ксилит, т.б.) «тәулігіне 15-20 грамнан көп пайдалану әлсірету әсерін беруі мүмкін» деген ескерту жазуы болуы тиіс. Сонымен бірге кейбір заттар қумулятивтік, яғни ағзада жиналу қасиетіне ие екендігін естен шығармау керек. Өнімде азықтық қоспалардың құрамы нормаларын сақтау өндірушіге жүктелген.

       Жыл сайын сөрелерде шамамен он мың жаңа азық өнімдері пайда болады. Және біздің әрқайсысымызға азықтық қоспалардың өз үйлесімі әзірленеді. Өнімнің құрамын зерттеген кезде нақты ойлаңыз және өзіңізге ең жақсысын таңдаңыз. Азықтық қоспалары бар өнімдердің  затбелгілеріне техникалық регламентке сәйкес ақпарат орналастырылуы тиіс.

       Азықтық қоспалар туралы ақпараттың болуы – тұтынушының қолындағы қаруы екендігін ұмытпаған жөн.

       Алматы қаласы, Түрксіб ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық- эпидемиологиялық бақылау және қадағалау техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы Алимқожаева Жанар Жапарқызы