фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі
Ел абыройын асқақтатқан спортшыларды Астанадағы әуежайдан туған-туыс пен дос-жаран үлкен қошамет көрсетіп, қарсы алды.
Олимпиадалық емес спорт түрі джиу-джитсудан шаршы алаңда ел намысын қорғаған Нұржан Батырбеков алтыннан алқа тағынды. Дәл осы спорт түрінен сынға түскен Галина Дуванова күміс жүлдегер атанды.
Еске сала кетсек, Қазақстандықтар Азия ойындарында қоржынға 80 медаль салды. Жарысқа астаналық құрама команданың 5 спортшысы джиу-джитсу және шахмат спорт түрлері бойынша сынға түсті. Команданың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және шахматтан қыздарымыз қола жүлдеге ие болды.
Нұржан Батырбеков, джиу-джитсудан Азия ойындарының чемпионы: - 2021 жылы мақсат қойдық чемпион болуға. Енді сол мақсатыма жеткеніме қуаныштымын. Осылай елдің туын биікке көтеріп, әнұранды үлкен әлемдік аренада шырқату ойлаймын әрбір спортсменнің қойған мақсаты және арманы. Соған жеткеніме өте қуаныштымын.
Галина Дуванова, джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері: - Бұл джиу-джитсудан Олимпиада сияқты ең жоғары турнир саналады. осы жарысқа бір жыл бойы дайындалдық. Америкада бір айдай жаттықтық. Оған қоса екі айдай Алматыда жаттығудан өттік. Сайыстың өзі өте жоғары деңгейде өтті. Бәсеке де жоғары. Бұл өте қуантады. Негізі алтын алғым келіп еді, бірақ бұнымен шектелмек ойым жоқ. Әрі қарай жұмыс істеп, жіберіп алған қателіктерімді түзетудің қамына кірісем енді.
Дереккөз 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через