фото: Туризм және спорт министрлігі
Алматы халықаралық әуежайына Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы ұшып келді. Бұл туралы Standard.kz порталы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандықтар оларды сән-салтанатпен қарсы алды. Спортшылардың арасында Азия ойындарында бессайыстан алғаш рет Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин бар.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Еске салайық, 23 қыркүйекте басталған додаға спорттың 30 түрінен 524 отандасымыз (262 ер, 262 әйел) бақ сынап жатыр.
XIX жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде еліміз Туын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ұстап шықты.
Қазақстан қоржынында әзірге 9 медаль бар: 2 күміс, 7 қола жүлде алды.
Ханчжоудағы жазғы ойындар 8 қазанға дейін жалғасады.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через