Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатында қазақстандық ер спортшылардың алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткізіліп жатыр.
Қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жегін Қырғызстан, Таиланд, Малайзия, Өзбекстан, Тәжікстан, Камбоджа, Кувейт елінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізеді.
Қазақстандық боксшылардың қарсыластары:
48 келі. Санжар Тәшкенбай - Анваржан Ходжиев (Қырғызстан)
51 келі. Даниял Сәбит - Саенгфет Танарат (Таиланд)
54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек - Ахмед Шахаром Мухаммед Имдад (Малайзия)
57 келі. Махмуд Сабырхан - Мирзабек Мирзахалилов (Өзбекстан)
60 келі. Талғат Сырымбетов - Ян Мин (Қытай) / Абубакр Муродзода (Тәжікстан)
63,5 келі. Мухаммедсабыр Базарбайұлы - Роекпиджит Суфароек (Таиланд)
67 келі. Абзал Серік - Пенх Вантхунг (Камбоджа)
71 келі. Сабыржан Аққалыков - Сальман Аль-Шаммари (Кувейт)
75 келі. Диас Молжігітов - Даниэль Абдрахманов (Қырғызстан)
80 келі. Ерасыл Жакпеков - Бекбол Мурасбеков (Қырғызстан)
86 келі. Сағындық Тоғамбай - Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан)
92 келі. Ерхат Бекзат - Нусратбек Тохиров (Өзбекстан) / Асхан Резибек (Қытай)
92 келіден жоғары. Аманат Сабырғали - Асадбек Маннонов (Тәжікстан) / Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).
Фото: sportsweek.org
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через