Азия чемпионаты: Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді

Азия чемпионаты: Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді
фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста алтын медаль иеленді.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлім етті.

Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманшалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Бағаева өнер көрсетті.

Артистік жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс:

🥇Қазақстан - 204.6708 ұпай
🥈Өзбекстан - 183.5552 ұпай
🥉Таиланд - 124.9374 ұпай.

Baq.kz